Ұлан газеті- жас ұрпақтың сенімді серігі -  Базарбаева Ақбота 

       Қазіргі ақпараттық заманда жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін, олардың ой-өрісін кеңейтетін басылымдардың орны ерекше. Солардың бірі- «Ұлан» газеті. Бұл газет жас оқырмандарға арналған мазмұнды мақалаларымен, қызықты жаңалықтарымен және тәрбиелік мәні жоғары материалдарымен ерекшекеленеді. «Ұлан» газеті- тек ақпарат көзі ғана ғана емес, ол оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құрал.

                                                          

Газет беттерінде білім, ғылым, мәдениет, спорт және қоғам тақырыптары кеңінен қамтылады. Әсіресе мектеп оқушыларына арналған танымдық мақалалар, түрлі кеңестер мен пайдалы мәліметтер жасөспірімдердің қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, газетте оқырмандардың өз шығармалары да жиі жарияланып тұрады. Бұл-жастарға өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік. «Ұлан» газетінің тағы бір ерекшелігі- ұлттық құндылықтарды насихаттауы. Қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы мен мәдениеті туралы мақалалар жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастырады. Осындай мазмұн арқылы жастар өз елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйренеді. Сонымен қатар, газет қазіргі заманның өзекті мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Жастар тәрбиесі, білім сапасы, интернеттің пайдасы мен зияны сияқты тақырыптар жиі қозғалады. Бұл оқырмандарға ой салуға, дұрыс шешім қабылдауға көмектесседі. «Ұлан» газеті-жас ұрпақтың рухани дамуына үлес қосып келе жатқан маңызды басылым. Ол оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Осындай сапалы газет әрбір жасөспірімнің қолында болуы тиіс деп ойлаймын.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Базарбаева Ақбота 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз