Жеке шегара деген не?
Қазіргі таңда «Жеке шегараңызды қорғаңыз» немесе «Жеке шегараны қалай қорғаймыз?» сынды тақырыптар қоғамда өте өзекті.Жеке шегара — бұл сіздің психологиялық қауіпсіздігіңіз бен ішкі тыныштығыңызды қорғау үшін қойылатын сызық. Менің ойымша, әр адам өз жеке шегарасының сызығын нақты ережелер мен шарттар арқылы қоюы керек. Себебі, сіздің қойған ережелеріңіз арқылы адамдар сізбен қандай қарым-қатынас жасау керектігін түсінеді. Мысалы, «Менімен қалай сөйлесуге болады?» және «Маған қатысты нені істеуге болмайды?» деген сұрақтарға жауап айқын болсын. Бұл шегара арқылы сіз құрмет пен ішкі тыныштыққа ие бола аласыз.
Жеке шегараны негізгі үш түрге бөліп қарастырайық. Ең алғашқы түрі-эмоционалды шегара. Бұл — сіздің сезімдеріңізді құрметтеу үшін қойылатын алғашқы сызық. Басқаға «жоқ» дей алмау немесе сіздің ойыңызды күштеп өзгертуге тырысу көңіліңізді түсіріп, жабырқатады. Бірақ сіз дәл уақытында біреудің сізге айқайлауына, манипуляция жасауына қарсы шықсаңыз, ол келесі жолы сізбен, сіз қалағандай арақатынаста болады. Келесі түрі- физикалық шегара.Физикалық шегара-сіздің рұқсатыңызсыз денеңізге қол тигізуіне жол бермеу және физикалық қажеттіліктеріңізді қорғау үшін қойылатын екінші сызық. Сіздің заттарыңызды рұқсатсыз қолдану, сөйлескен кезде адамның тым жақын тұруы, демалғыңыз келгенде жұмыс істеуге немесе қонаққа баруға мәжбүрлеу — демек, бұл сіздің физикалық шегараңызды бұзу деп есептеледі. Сондықтан «Бұл — менің денем (затым), менің ережем» деген қағидамен нық сызық қойыңыз. Соңғы шегара түрі - уақыт шегарасы.Уақыт шекарасы- бұл сізге тиесілі уақытқа, басқа жанның қол сұғуы. Кешігу, рұқсатсыз мазалау — міне, осы іс-әрекеттер сіздің уақыт шегараңызды бұзады. Уақыт шегарасын қойғыңыз келсе, алғашқы ережелеріңіз: өзіңіз қаламаған іске «жоқ» деп айту, күту лимитін қою және жұмыс уақытын нақты белгілеу болсын. Себебі уақыт — сіздің өміріңізде ешқашан қайтып келмейтін ресурс.
Жеке шегараңыздың болуы — өзіңізді сыйлайтыныңыздың және өзгеге құрметпен қарайтын адам екеніңіздің дәлелі. Және есіңізде болсын: өз шегараңды қою — бұл өзімшілдік емес, бұл — өзіңе деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік. Сіздің тыныштығыңыз бен ішкі саулығыңыз кез келген адамның көңілінен шығудан әлдеқайда маңызды.
Сіздердің ойларыңызша жеке шегараны сақтау үшін басты қандай ұстанымды ұстану қажет?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі