Журналистің қазіргі қоғамдағы орны

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы / Журналистің қазіргі қоғамдағы орны

Журналистің қазіргі қоғамдағы орны

Қазіргі қоғамда журналистің рөлі өте маңызды. Журналист – халық пен биліктің арасындағы көпір. Ол елдегі және әлемдегі жаңалықтарды халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді. Бүгінде ақпарат өте жылдам тарайтын заманда журналистердің жауапкершілігі де артып отыр.

Нағыз журналист тек ақпарат таратып қана қоймай, оның шынайылығын тексеруі керек. Себебі жалған ақпарат қоғамға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар журналист халықтың пікірін жеткізіп, әділдікті қорғауға үлес қосады.

Қазіргі кезде журналистика интернет пен әлеуметтік желілер арқылы дамып келеді. Көптеген жастар осы мамандыққа қызығушылық танытуда. Журналист болу үшін сауатты жазу, еркін сөйлеу және батылдық қажет.

Қорытындылай келе, журналист – қоғамның айнасы. Оның еңбегі елдің дамуына, халықтың ақпараттануына және шындықтың ашылуына үлкен әсер етеді.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)