Қазақстандағы психологиялық көмекке жүгіну мәселесі
Қазіргі таңда әлемде психология тұрмысы дамып келе жатыр. Көптеген адамдар түрлі эмоциалық, психикалық мәселелерді зерттеп, өзін-өзі тануға ұмтылады. Алайда, жылдан жылға психология саласы өркендесе де, Қазақстан бұл салаға аса бейімделмеген. Көптеген елдерде психолог көмегіне жүгінуді қалыпты жағдай ретінде көреді. Ал Қазақстанда бұл бағыт әлі де толықтай дамымаған. Әр адам бойында түрлі психологиялық қиындықтар туындайды және оны елемеген сайын, мәселе тек күшейеді. Сондықтан бізде: психолог, психотерапевт, психиатр секілді мамандар қалыптасты. Қазақстанда осындай тұрғыда проблемалар туындағанымен, көптеген халық кәсіби маманның көмегіне жүгінуге ынтасы жоқ. Сонымен қатар халықта эмоцианалды қолдау дәрежесі өте төмен және бұл мәселені елеулі деп санамайды.
Сонда бұл құбылысқа не себепкер?
БІріншіден, халық басқалардың пікірінен қорқады. Көптеген халық өте консервативті ортада өсіп, жетілдірілген. Нәтижесінде әр тұлға қоғамның шектеулері мен стереотиптеріне байланып қалған.Әрине, психологтар да туралы әртүрлі қисың ойлар қалыптасқан. Сонын ең кең таралғаны: психологтарға тек психикалық ауруы бар адамдар баруы. Сондықтан психологтың көмегіне жүгінсе, басқалардың алдында түсініспеушілік шығады деп ойлайды. Біраз адам ойында: «масқара боламын», «көршілер мен туыстар не дейді?», «мына тірлігім ұят бола ма?» деп үрейленеді. Кейбіреулер мұны әлсіздік белгісі ретінде қабылдайды. Нәтижесінде адамдар өз ішкі уайымдары мен мәселелерін жасырады және эмоцианалды күйзеліске ұшырайды.
Екіншіден, қоғам бұл мамандарға аса сене бермейді. Олардың жұмысы өтірік немесе еш пайда келтірмейді деген көзқарас пайда болды. Шынына келсек, Қазақстанда басқа елдерге қарағанда психология маманы қарқынды дамымаған. MNU Newsroom Жанель Умарованың айтуынша соңғы жылдары Қазақстанда психологиялық кеңес алуға деген сұраныс 40%-ға артқан. Алайда бұл өсіммен бірге кәсіби біліктілік мәселесі де ушығып барады. Сарапшылардың мәліметінше, еліміздегі психологиялық қызмет нарығының 70%-дан астамы мемлекеттің бақылауынсыз жұмыс істейді.Ресми тізілімнің жоқтығынан, халық көбіне шынайы мамандардың емес, әлеуметтік желіде маркетингтің «майын ішкен» псевдопсихологтардың қақпанына түсіп қалып жатыр. Салдарынан, денсаулығы, қарым- қатынасы, қаржылық жағдайы құрдымға кеткен азаматтардың саны жыл санап өсіп келеді. Сонымен қатар психолог қызметінің бағасы да кейбір адамдар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Әсіресе ауылдық жерлерде білікті мамандар аз кездеседі. Кейбір өңірлерде психологқа қаралу үшін үлкен қалаларға баруға тура келеді. Бұл да психологиялық көмек алуға кедергі келтіретін факторлардың бірі. Дегенмен, психологиялық тұрғыдан Қазақстан дамып келе жатыр және бұл салада терең зерттеу жұмыстары
Үшіншіден, ұлттық тәрбие мен менталитет орасан зор рөл ойнайды. Қазақ халқы қиындықтарға төзімді болуға үйретілген және шағымдануды немесе эмоцианалды қолдау көрсетуді жөн көрмейді. Бірталай отбасыда балалар қатаң өскен. Оларға кіші кезінен «шыда», «жылайтын түгі де жоқ», «бәрі жақсы болып кетеді» деген сөздер айтылатын. Әрине, ата-аналардың барлығы осылай қолдау көпсеткісі келді. Алайда баланың ойын тыңдап, сезімін түсіну әлдеқайда елеулі көмек көрсетеді. Сонымен қатар қазақтарда қолдау көрсету техникасы мүлдем дамымаған, олар қобалжып, не айтарын білмей қалады. Жеткілікті адам саны басқаның мәселесін тыңдаудың орнына, ақыл айтып, сынайды немесе басқалармен салыстырады. Бұның барлығы психологиялық тұрғыдан дамымаған көрсеткіш және бұл құбылыс, әрине, біздің өсіп шыққан ортамызбен байланысты. Көптеген азаматтар күйзеліс, мазасыздық, эмоционалдық шаршау немесе депрессия белгілерін білмейді. Олар мұндай жағдайларды жай ғана жалқаулықпен немесе уақытша көңіл-күйдің түсуімен байланыстырады. Нәтижесінде мәселе уақыт өте келе күрделене түседі. Егер адамдар психологиялық денсаулық туралы көбірек ақпарат алса, олар өз жағдайын жақсырақ түсініп, маман көмегіне ертерек жүгінер еді.
Қорытындылай келе, қазақтардың психологиялық көмекке сирек жүгінуінің негізгі себептері: қоғамдағы стереотиптер, психологиялық сауаттылықтың жеткіліксіздігі, эмоцияларды ашық білдіру мәдениетінің әлсіздігі және мамандарға қолжетімділіктің төмендігі. Ал эмоционалдық қолдаудың аз болуы адамдардың бір-бірін тыңдау және түсіну дағдыларының жеткілікті дамымауымен байланысты. Болашақта психологиялық білімді кеңінен насихаттау арқылы қоғамның психологиялық мәдениетін көтеруге және адамдардың сана деңсаулығына көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік туындайды.
(Сурет жасанды интеллект арқылы жасалған)

- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі