Қымбат өмір : біз шынымен көп таба бастадық па, әлде “өмір сүру” қымбаттап кетті ме?
Басты бет
/
Әңгіме мен мақала
/
Қымбат өмір : біз шынымен көп таба бастадық па, әлде “өмір сүру” қымбаттап кетті ме?
Қымбат Өмір : біз шынымен көп таба бастадық па, әлде “өмір сүру”
қымбаттап кетті ме?
Соңғы жылдары шынында да айналадан “барлығы қымбаттап
кетті”, – деген сөздерді көп естиміз. Өзектілігі аса жоғары мәселе
көрінбегенімен, елдің жалпы экономикасына қарапайым тұрмыстық
жағдайлар да әсер ететіні есте болуы керек. Азық-түлік, жалдамалы
пәтер, жанармай, секілді әртүрлі қызметтер үшін баға өсіп келеді.
Қазақстанда жалақы өсіп жатыр – бірақ бағалар одан да тез
өсуде. Статистикаға көз салайық : стандартты номинал бойынша
орташа жалақы 2024 жылы 405 000 теңгені құрайды. 2023 жылға
қарағанда 11,3% өскен. 2025те жалақының номиналды түрде 9-10%
өсуі байқалады.
Бұл жақсы көрсеткіш сияқты. Жалақы өсіп жатыр, бірақ…
Жалақы мен баға бәйгесінде баға алға шығып кетіп жатыр.
Инфляцияға назар аударайық! 2025жылдың соңында жалпы
инфляция шамамен ~ 12,3% болды – бұл ел билігінің мақсатынан
әлдеқайда жоғары. Тамақ, қызмет көрсету секілді әлеуметтік қажетті
қызметтердің бағасы да айтарлықтай өсті. Демек, ең қажетті тауарлар
мен салалардың қызметі жыл сайын 10-15% өсуде.
Қаржылық сауаттылық иллюзиясы. Қоғам мен әлеуметтік желі
халықты қаржылық сауаттылық пен үнемдеуге үйретуде – алайда,
қаржылық тәуелсіздік орнауы үшін инфляция өсімі жалақы өсімінен төмен болуы керек. Қалған жағдайдағы қаржылық тәуелсіздік пен
ақша жинау – үндемдеу мен өмірлік қажеттіліктерден бас тарту
арқылы ғана іске аса алады. Тағы да бір нұсқа – несие алу.
Несие алу – тым оңайлап кетті. Қарапайым табысты растамай
да несие алу қазір 18жастан бастап қалыпты жағдай. Атаулы
банктердің өзі тұрақты табысы жоқ студентке де 0-0-3; 0-0-24
тағысын тағы оңай несие рәсімдеуде. Бір қарағаннан бұл мүмкіндік
болып көрінуі мүмкін. Алайда, тұлғаны жастайынан “несие алу
норма” танымына итермелеуде. Сондықтан, Қазақстанның ел ішілік
өзара қарызы – елдің жалпы бюджетінен де асып кетуі таңқаларлық
жайт емес. “Болар баланың бетін қақпа, белін бу”, - дейді атам қазақ.
Бірақ сол белді де буатын кезді нақтылап алған жөн!
Қортынды – қарапайым тілмен. Жалақы өсіп жатыр – бағалар
одан да тез өсті һәм инфляция сатып алу қабілетін жеп жатыр.
Нәтижесінде жалақыға көп ақша алып жатқан секілдіміз. Бірақ сол
ақшаға бұрынғыдан аз зат аламыз. Жалақы 10% өссе – инфляция 12%
ға өсіп жатқандай. Мәселе тауып жатқан ақшада яки жалақыда
емес, инфляцияның тұрақсыздығында!
Қолданылған әдебиеттер мен дерексөздер : mail.kz;
статистика Казахстан; the times of Central Asia.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі