Поэзия, менімен егіз бе едің?
Поэзия, менімен егіз бе едің?
Өзімменен толқындай,
теңіздемін.
Өз жанымды
тосқауылмен сынасам да,
Мен өзіме, сірә, оны
сенгіземін.
Келген сәтті қайта
менің тең кезегім —
Көрерсің ғой, ұрпаққа
шабыт бергіземін.
Мағжан ата сенген сенім
өшпей тұрсын,
Мен оны ақырында
сенгіземін.
Жастайымнан болмасам
да, шешен пенде,
Өспедім, құрсағында
байдың мен де.
Сол байлығым шабыт
болса — жаза алатын,
Егізім ғой, жетіп алам
оған демде.
Бекер жазбады Мұқағали:
«Берік бол!» – деп,
Өлеңінде: «Шабытыңмен
серік бол» – деп.
Мен бабамның ақылымен
өскен жанмын,
Оны егіз ете — құрған
ұрпақтанмын.
Поэзия, есігіңді
құлптатпадың,
Қайта-қайта кеп
жаныма ұйықтатпадың.
Бірақ сенем, бұл
қадамым бекер емес,
Қиындықтың ащы
дәмін құр татпадым.
Жұттым тағы оның
құнды 8 демін:
Мән беру, түсіну мен
ұғыну бар,
Жан беру, қырсығы мен
қылығы бар,
Ұйықтамай,
шабытпенен жылыну
бар,
Жұттан кейін, деп ала
тынығу бар.
Ол үшін — жай
жазғанның қызығы тар.
Еш жазбасаң,
тұншығасың зұлымынан.
Жүрегіңе ұялатсаң бұл
шабытты,
Арыла алмас қасиеттің
былығы бар.
Мүмкін өзге жанға
жансыз әріп болса,
Мен үшін — бұл
жұмбақтың мың сыры
бар.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі