ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

Туған жер- әр адамның өміріндегі ең қымбат ұғым.Адам қайда жүрсе де,жүрегінің бір түкпірінде туған жерінің ізі сақталады.Сондықтан халқымыз <Туған жерге туыңды тік>деп бекер айтпаған.Бұл нақыл сөз адамның қайда жүрсе де өз тамырын ұмытпай,туған жеріне қызмет ету керектігін білдіреді

    Туған жер-адамның кіндік қаны тамып,туып өскен жері.Әр адам өзінің туған жеріне,отанына сүйіспеншілікпен қарап,адал қызмет ете білуі керек.Қазіргі таңда жастар білім іздеп шетелге кетіп жатыр.Олар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп,үлкен жетістіктерге жетуді армандайды.Шетелдердегі мүмкіндіктерді өз пайдасына жақсы пайдалана біліп,небір жақсы оқу орындарында білім алып жатыр.Иә,әрине дұрыс шетелден білім алып,өсу керек.Алайда қандай биікке шықсаңда,туған жерге деген сүйіспеншілік жүректе сақталуы тиіс.Туған жеріңе,отаныңа қызмет ету әр адамның борышы.<Болашақ жастардың қолында> демекші,жастарға артар сенім мол.Қазір жастар өзіне не керек екенін біледі.Қандай іспен айналасып,нені дамыту керектігін меңгерген.Заман дамып,жастардың ойлау өрісі кеңейіп жатыр.XXI ғасырда адамдарға барлық мүмкіндіктер беріліп,жағдай жасалған.Қазіргі заманда технология,жасанды интеллект сынды біраз дүниелер дамып,табыс көздеріне айналып жатыр.Соларды тиімді қолдана білсек,берер пайдасы да,табысы да мол.Жастар дамып,өз отандарына,қоғамға қызмет етсе одан асқан бақыт жоқ шығар сірә.

    Туған жер-әр адамның туып өскен,ешбір теңдесі жоқ ата мекені.Туған жерде қызмет ету әрбір пенденің парызы.


Ұқсас тақырыптар

журналист
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)