Өлең, жыр, ақындар

Бақытқа бөленудің және әрдайым бақытты болудың жолдары

Әрдайым бақытты болу үшін күнделікті өзіңмен жұмыс істеу қажет. Арман-мақсаттарыңызды іске асыруды, қуануды және осы сәтпен өмір сүруді үйреніңіз..

Бақытқа ұмтылу. Әрқайсымыз өмірден ләззат алып, армандарымыздың орындалғанын, үндестікте, берекеде өмір сүруді қалаймыз. Бақытты болу әркімнің маңдайына жазылмаған деп ойлайтын боларсыз, бірақ олай емес. Әр адам кездейсоқ бақытты бола алады, сонымен қатар оны өмірлік ете алады. Бұған біраз уақыт, күш-жігер қажет болады, бірақ ең алдымен ол өзін жақсы көруі керек.

Бақытқа бөленгіңіз келе ме? Алдымен оның назарын өзіңізге аудартыңыз, өйткені ол жайдан-жай келмейді. Ол үшін не қажет? Армандарыңыздың орындалуы. Өзіңізге қуаныш сыйлаңыз, бұрыннан армандаған ісіңізді іске асырыңыз. Кейбір адамдарды қалауларының орындалуы дұрыс емес нәрсе деп тәрбиелейді. Бұған көзқарасыңызды өзгертіңіз. Сіз бір-ақ рет өмір сүресіз және өміріңіз қашан аяқталарын білмейсіз, сол себепті кішкентай қалауларыңызға неге тосқауыл қоясыз? Қалағаныңызды жасаңыз, бұл бақытқа бастар жолға алғашқы қадам.

Бақыттың назарын аудару процесі қалай жүреді?

Кез келген жетістік – бұл жұмыс. Бақыттың назарын аудару да біршама еңбекті талап етеді, әсіресе жолдың басында. Ең бастысы – бұл өз-өзіңмен жұмыс, ішкі жан-дүниеңді және әлемді қабылдауды өзгерту.

Бізге бөгет болып тұрған – түрлі әдеттер. Адам күнделікті жасап жүрген әдет-ғұрыптарын өзгерткісі келмейді. Бірақ әдеттер адамды алдағы дамудан бөгеп тұруы мүмкін. Мысалы, кешке сіз теледидар қарағанды ұнатасыз, бірақ бұл уақытты кітап оқуға, серуендеуге немесе отбасыңызбен өткізуге болады ғой, және де бұл көбірек қуаныш сыйлайды.

Бақытты қолына қондыру үшін шамамен бір айдай уақыт қажет. Тым құрығанда 30 пунктен тұратын тізім құрыңыз. Күнделікті біреуін жасап тұрыңыз. Бұл пунктер – сізге ләззат, қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайтын заттар. Әдеттерден арылыңыз. Бірінші аптада-ақ өміріңіз өзгеріп жатқанын байқайсыз, сәттілік сізге серік бола бастайды.

Бақытты әрдайым азықтандырып отыру керек. Егер күнделікті бір ғана әрекеттерді жасап отырсаңыз, оған үйреніп кетесіз, ал жаңалық сезімі жоғалып кетеді. Иә, сіз 24 сағат бойы өзіңізді бақытты сезініп жүре алмайсыз. Сәтсіздіктер болып тұрады, көңіл күй түседі, сондықтан өз-өзіңізбен жұмыс істеуді тоқтатпаңыз, бақытты кез келген қол жетімді әрекеттермен шақырыңыз. Әр сәтсіздік – бұл біздің қателігімізді көрсететін және оны қайталамауды ескертетін сабақ.

Қуана біліңіз

Бақыт түңілушілік пен мұңды жеккөреді. Бақытқа бөленіп жүру үшін қуанып жүруге үйрену керек. Кез келген ұсақ-түйекке: таңға, күнге, жаңбырға, досыңның қоңырауына, жұмыстың ауысуына. Қуанышты жайт болмаса да жағымды жақтарын іздеуге тырысыңыз, жымиыңыз. Жымиған сайын көңіл күйіңіз көтеріле түседі.

Ойлар бақытты болуға кедергі келтіреді. Неге? Біз болған оқиғаны, адамдардың сөздерін қайта қопарамыз, жағымсыз сәттер мен келеңсіздікті өз ойларымызбен жалғай түсеміз. Нәтижесінде санамыз жағымсыз ойларға беріледі. Артық ойлар бақытты болуға кедергі келтіретінін ғалымдар да дәлелдеген. Ойлар тізбегін тоқтатып үйреніңіз. Бұған уақыт керек, бірақ нәтижесі көп күттіртпейді. Егер бұл қиын болса, йогамен айналысып көріңіз, онда сізді медитацияға үйретеді.

«Дәл осы сәтте» принципімен өмір сүріңіз

Бұл принцип нені білдіреді? Бұл дәл қазіргі сәтпен өмір сүру қабілеті, бар назарыңды дәл қазір істеп жатқан ісіңе салу. Өткен шақ пен болашақ жайлы болжамдардың еш мәні жоқ. Өткенді өзгерте алмайсың. Болашақта бәрі мүмкін. Не боларын болжай аласыз, бірақ ол нақты емес. Бұдан өзге, жағымсыз ойлар жағымсыз оқиғаларды тудыра алады. Өткен шақтағы немесе болашақтағы оқиғалар жайлы кез келген ойлар эмоция тудырады, ал бұл өз кезегінде қорқыныш пен сенімсіздікке сеп болады. Осы шақта өмір сүретін болсаңыз, қорқыныш та, уайым да болмайды. Тек қазір болып жатқан оқиғадан ләззат алу ғана болады. Жай ғана ләззат алып, жұмыс жасаңыз.

Бақытты іздеуден жалықпаңыз және қолыңыздан ұшырып алмаңыз

Әр адам жеке тұлға. Әрқайсымыз әлемді әрқалай қабылдаймыз, демек, бақыттың назарын аудартуға және оны ұстап қалуға өз әдістеріміз бар болуы да мүмкін. Өз өмірімізге және бізбен болып жатқан оқиғаларды қалай қабылдайтынымызға өзіміз жауапты екенімізді ұмытпайық. Егер сізге бірдеңе ұнамаса, оған басқаша көзқараспен қарап көріңіз немесе оны өзгертудің басқа амалын табыңыз. Өзгерте алмайсыз ба? Онда дәл қазіргі сәтпен өмір сүріңіз.

Өзіңізді сәл де болса бақытты сезінсеңіз осы қалыпты сақтап қалуға тырысыңыз. Күлкі көңіл күйді өзгертеді және қоршаған әлемді оңай қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгін тамаша көңіл күйдесіз бе – оны барынша азықтандырып, сұрқия адамдарға бұл қалпыңызды бұзуға, өмірден ләззат алуға кедергі келтіруге мүмкіндік бермеңіз. Сізге сенімділік сыйлайтын, көңіл күйіңізді көтеретін және ештеңеге қарамастан әрдайым жаныңыздан табылатын адамдармен ғана араласуға тырысыңыз.

Оқуға кеңес береміз:

Өзіңді шын мәнінде бақытты сезінудің 8 ғылыми жолы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Жансая

Өте пайдалы кеңестеріңізге рахмет!

Гульмира

Ракмет жаксы екен сайттарыныз

Алма

Рахмет , керекті кеңестер көп екен .

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз