Қазіргі кезде ақпаратсыз өмірді елестету қиын. Күн сайын телефоннан жаңалық оқимыз, әлеуметтік желілерді қараймыз, түрлі видеолар көреміз. Бірақ интернетте таралған ақпараттың бәрі бірдей дұрыс бола бермейді. Кейбір адамдар қаралым немесе танымал болу үшін жалған ақпарат таратады. Соның салдарынан көп адам өтірік мәліметке сеніп қалады. Сондықтан бүгінгі қоғамда медиасауаттылықтың маңызы өте зор деп ойлаймын.Ең алдымен, медиасауаттылық дегеніміз – кез келген ақпаратқа бірден сене салмай, оның рас-өтірігін тексере білу. Қазір бір жаңалық бірнеше минуттың ішінде мыңдаған адамға жетеді. Егер ол ақпарат жалған болса, оны түзету әлдеқайда қиын болады. Сол себепті ақпаратты бөліспес бұрын оның қайдан шыққанына назар аудару керек.Әлеуметтік желілердің дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, жалған ақпараттың таралуын да көбейтті. Кейде белгілі бір оқиға туралы әртүрлі ақпарат жарияланады. Осындай кезде ресми дереккөздерге сүйену маңызды. Өкінішке қарай, көп адам жаңалықтың тек тақырыбын оқып, толық мазмұнына мән бермей бөлісіп жатады. Бұл жалған ақпараттың одан әрі таралуына себеп болады.Менің ойымша, медиасауаттылық әр адамға қажет. Әсіресе жастар интернетті көп қолданатындықтан, олар ақпаратты дұрыс талдай білуі керек. Егер біз көрген әрбір мәліметке сене берсек, өзіміз де қателесеміз, өзгелерді де адастыруымыз мүмкін. Сондықтан ақпаратты бірнеше жерден тексеруді әдетке айналдырған дұрыс.Журналистердің де бұл жерде жауапкершілігі өте үлкен. Өйткені халық көбіне бұқаралық ақпарат құралдарына сенеді. Журналист нақты дерекке сүйеніп, ақпаратты мұқият тексеріп жариялауы керек. Сонда ғана халықтың сенімі артады. Мен болашақта журналист болғым келеді. Сондықтан қоғамға тек шынайы ақпарат жеткізу – журналистің ең басты міндеті деп есептеймін.Медиасауаттылықты мектептен бастап үйреткен дұрыс деп ойлаймын. Егер оқушылар ақпаратты талдауды, сенімді дереккөздерді ажыратуды үйренсе, болашақта жалған ақпараттың құрбаны болмайды. Бұл да қазіргі заманның маңызды дағдыларының бірі.Қорытындылай келе, жалған ақпаратпен күресу – тек журналистердің ғана емес, барлығымыздың міндетіміз. Әр адам ақпаратқа жауапкершілікпен қарап, оны тексеріп үйренсе, қоғамда сенімді ақпарат көбейеді. Сондықтан медиасауаттылық – бүгінгі күннің ең маңызды білімдерінің бірі.

- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі