Бүгінде жастардың білім алуына көптеген мүмкіндік жасалған. Мектептен бөлек, түрлі курстар, онлайн платформалар, кітапханалар мен білім беру бағдарламалары бар. Қажет ақпаратты интернеттен де табуға болады. Бірақ мүмкіндіктің көп болуы адамның міндетін азайтпайды. Ең бастысы- уақытты дұрыс пайдаланып, алған білімді тәжірибеде қолдана білу.Білім адамның дүниетанымын кеңейтеді. Көп оқыған адам ойын еркін жеткізіп, дұрыс шешім қабылдай алады. Сонымен қатар білім адамға өзіне деген сенімділік береді. Кез келген мамандықтың иесі өз ісін жақсы атқаруы үшін үнемі ізденіп, жаңа нәрсені үйренуге дайын болуы керек. Өйткені қазіргі заманның талабы-үздіксіз даму.Менің ойымша, білімнің басты мақсаты – жақсы баға алу ғана емес. Ең маңыздысы-алған білімді өмірде пайдалану. Кейде адамдар диплом алғанымен, өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмай жатады. Сондықтан білім сапасына көңіл бөлу әлдеқайда маңызды.Білімнің арқасында көптеген адамдар өз армандарына жетіп, қоғамға пайдасын тигізіп жүр. Дәрігер адамдардың өмірін сақтайды, мұғалім жас ұрпақты тәрбиелейді, инженер жаңа технологиялар ойлап табады, ал журналист қоғамға шынайы ақпарат жеткізеді. Осындай мамандардың бәрін біріктіретін нәрсе – сапалы білім.Мен де болашақта журналист болғым келеді. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Журналист тек жаңалық айтып қана қоймай, ақпараттың шынайылығын тексеріп, халыққа дұрыс жеткізе білуі керек. Сондықтан мен үшін білім алу – болашақ мамандығыма жасалған ең маңызды қадам.Қорытындылай келе, білім-адамның ең үлкен байлығы. Ақша жоғалуы мүмкін, ал білім әрқашан адамның өзімен бірге болады. Сол себепті әрбір жас білім алуға ұмтылып, өз мүмкіндігін тиімді пайдалануы керек. Білімді ұрпақ-елдің жарқын болашағының кепілі.

- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі