Өлеңдер Бөлімі

Ақтөбе қазақ-түрік лицейі 70 жүлделі орын иеленді

Ақтөбе облысының білім басқармасы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  қосымша білім беру орталығы тарапынан Ақтөбе қаласында қаңтардың 5-6 күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткіздi,  -деп хабарлайды KATEV. 

Олимпиадаға Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының 74 оқушысы қатысып, оның 70-і жүлделі орындарға қол жеткізді. І орын – 29 оқушы; ІІ орын – 23 оқушы; ІІІ орын – 18 оқушы жеңіп алды. Олимпиадада лицейдің дарынды шәкірттері қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, география, математика, физика, информатика, биология, химия пәндері  бойынша жетістіктерге қол жеткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×