Кабылбекова Анаркул Абдрахмановна
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Қоғалы ауылы Панфилов атындағы орта мектеп кмм
Тарих жіне география пәндерінің мұғалімі
Қазіргі танда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті –білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.
«Адамға ең бірінші білім емес ,тәрбие берілуі керек ,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деген данышпан Аль-Фараби. Құқық, қоғамтану,тарих сабақтарында ең бастысы оқушыларға патриоттық тәрбие беру боладыұлт –азаттық қозғалыстарды зерттегенде алған білім
арқылы келеді, яғни білім мен тәрбие егіз,олар қатар дамуға тиісті. Оқушыларды қоғамдық пәндерге оқытқанда олардың қызығушылықтарын ояту керек. Тек қызығушылықпен оқыған ақпарат оқушының есінде сақталып қалады.Мен не үшін оқимын»-сұраққа жауап беріп , білімге жету мотивациясынанықтайды.Сонда ғана ол өзін-өзі тануға,өз қалауымен өзіндік білім алуға ұмтылады,өзі алдына мақсат қойып сол мақсатқа жетудің ең тиімді жолдарын қарастырады.
Осы кездегі мұғалімнің міндеті оқушыға дұрыс бағдар беріп,өзіндік жұмысты жасауға үйретуде және дағдыландыру,соңын нәтижесінде пән бойынша білім сапасын арттыру, оқушының пәндәк көзқарасынкенейту.Осылай алған білім саналы және сапслы болады,оны оқушылар кез келген өмірлік жағдайда пайдалана алады.Сондықтан қазіргі танда Қазақстандық білім жүйесі оқушылардың функционалдық сауаттылығына көбірек назар аудара бастады.
Дүние жүзі тарихын оқушылар зерттеген кезде олардың өмірлік тәжірибесі,дүниетанымдық көзқарасы кенееді,соның арқасында логикалық ой-өрісі дамып,сана-сезімі жоғарылайды,өзінің елінің тарихын зерттеп,оның ұлт –азаттық қозғалыстарының себептерін ұғынса патриоттық тәрбиенің арқасында өз еліне деген сүйіспеншілік пайда болып,Отаның дамытуға үлесін
қосуға асығатынына сенімдімін.Мемлекет үшін патриотты тәрбиелеу өте манызды,яғни ол ешқашан өзінің еліне опасыздық жасамайды, ондай адамға сенім артуға болады,ол коррупцияға да бармайды және оның санасы өте жоғары.Сондықтан менің өзекті мәселем осы ұғымға қатысты.
Оқуға мотивациясы жоғары шәкіртті тәрбиелеу үшін оның ұстазы білімді,білікті,шығармашыл болуы керек,ғылым мен педагогика-психологиялық жаналықтардан жан-жақты ақпараттандырылуы өте маңызды рөлді атқарады.Басқа әріптестері пәнді оқыту кезде қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланады,қалай жоғары деңгейге осы салада жетті –деген сұрақтарға жауап алу мақсатпен өзімнің әріптестерімнен тәжірибе алмасуда және таратудамын.2013-2014оқу жылынды Жоламан ауылының орта мектебінде Электрондық оқулықтарды пән сабақтарында ұтымды пайдалану жолдары аттыаудандық семинар өткізілді,осы тақырыптағы семинар 22желтоқсанда 2015 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебіндеболды ,мұғалім электронды оқулықтарды өте ұтымды пайдалана алды,бұл әдісті жетік менгерген ,себебі ,қол астында күнделікті интерактивті тақта барлық жабдықтарымен бар.2015 жылдың ақпаныңда Саркан қаласындағы Н.Островский атындағы мектеп-гимназияда TIMSS.PISA халықаралық зерттеулерін жүргізу аясында ғылыми –жаратылыстану бағытындағы сауаттылықты дамыту жолдары атты облыстық семинарға қкатыстым ,пән мұғалімдерінің осы ссалада атқарған жұмыстарымен таныстым және өзіме қажетті ақпаратты алдым.Іс тәжірибемді алмасу және тарату мақсатпен Мультиурок сайтында жеке веб-парақша аштым.Осы парақшадан интернеттен мәлімет іздеген мұғалімдерге көмекші ақпаратты кұрал ретінде әртүрлі мен шығарған ақпаратты табуға болады.Бұл жерден табуға болады «Ұстаз бол» атты сайтында шыққан мақалама сертификат, Тарих пәні бойынша ҰБТ-ге дайындық жүйесі атты Шебер- сынып.
2014жылы «Ислам дінің тәрбиелік мәні» атты облыстық семинарда ашық сабақ өткіздім, нәтижесінде аудандық грамотамен марапатталдым. 1 сәуірде осы сабағым бібілмділер порталында жарық көрді. Дін мәселесі қазіргі таңда өзекті болғандыктан әріптестеріме оқушыларды толеранттыққа тәрбиелеуге көмек ретінде «Діни экстремизм және терроризм» деген не. атты баяндама оқып сауалдарына жауап бердім. Дінтану негіздерін жан-жақты зерттеуде және осы саладағы көзқарасымды кеңейту мақсатымен төмендегі әр-түрлі деңгейдегі семинарларға қатыстым. Олар 2014 жылы аудан орталығымызда «Діни экстермизм мен терроризм- қазіргі заманның ғаламдық проблемасы » атты ғылыми-практикалық семинар Қоғалы ауылында өтті. Семинарда «ЖиҺад және толеранттылық деген не» атты баяндама оқыдым.
2011-12 оқу жылындағы Тамыз кеңесінде «ҰБТ-де жоғары білім сапасын беру жолдары» атты тақырыпқа баяндама жасадым. Аудандық мадақтамамен марапатталдым және 100% білім сапасын көрсеткенім үшін бағалы сыйлық алдым. «Пән бойынша ҰБТ-ге дайындық» атты аудандық семинарда пән мұғалімдері үшін шебер сынып өткіздім. 2013-14 оқу жылында Қазақстан тарихы және география пәнінен дайындаған түлектерім Красикова Виталина /КазМУ журналистика факультеті/, Қуандық Асель /КазМАА орман шаруашылығы факультеті/ мемлекеттік грант иегерлері.
2011-12 оқу жылдарында Панфилов атындағы орта мектебінде өткен тарих және география пән мұғалімдері арасындағы «Өлкетану-оқу –тәрбие үдерісінің негізі» атты облыстық семинарда ашық сабақ өткіздім. Осы сабақта оқушылардың Қоғалы өнірінің тарихы және географиясының үш топқа бөлініп жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізіп,сол зерттеудің нәтижесін көрсетті.Аудан,облыс тарихшылары сабаққа қатысып жұмысқа баға берді,нәтижесінде «Өлкетану-оқу- тәрбие үрдісінің негізі»атты облыстық семинда шығармашылық танытып,педагогикалық ғылымның инновациялық жетістіктерін тәжірибеге енгізген үшін аудандық мадақтамамен марапатталдым.Осы бағыттағы жұмысты 10 а сынып оқушысы Манапбай Әділмен жалғастырып КРжалпы білім беру мектептерінің,колледждерінің және қосымша білім беру ұйымдарындағы 8-17 жастағы білім алушылардың арасында өткізілген «Менің Өлкемнің тарихы»тақырыбындағы «Туған Өлкенің шежіресі» номинациясы бойынша қатысқанын растайтын Астанадан электронды сертификат 2015 жылы алынды.Осы жұмыстардың мақсаты және де мұғалімдік ұстанымым теориялық білімді практикамен шығармашылықпен ұштастыратын сабақта жаңа тақырыпты бұрын алған білімді өмірмен байланыстыратын, өзгерген жағдайда қолдана білетін тұлғаны қалыптастыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі