Корейская косметика премиум класса

Кемелердің тарихы

Адамдар ықылым заманнан бері су бетінде саяхаттай бастады. Қазіргі зерттеушілер тарихта ежелгі мысырлықтардың су бетінде жүзіп, кеме құрылысымен тұңғыш болып айналыса бастағанын айтып отыр.

Біздің заманымызға дейінгі шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болған кемелер папирустан жасалған. Бұл кемелердің сипатын норвегтің танымал саяхатшысы Тур Хейердалдың Ра деп аталатын папирус қайықтарына қарап отырып елестетуге болады, саяхатшы оны ежелгі мысырлықтардың кемелеріне қарап жасаған. Кемені құрастыру үшін папирусты жинап байлап, басы мен аяғына дейін қайыса жалғанатын, мұнымен қатар, папирустар тростар ақылы кеме қаңқасының енінен тартылатын. Мысырлықтардың кемесінде ескекпен бірге желкендер де болған. Бұл кемелер негізінен Ніл өзенінде жүзуге арналды, бірақ олар одан да ұзақ уақытқа жүзуге арналған болуы да мүмкін. Ра-2 кемесімен Алтант мұхитын кесіп өткен Тур Хейердал мысырлықтардың кемесінің теңізге де шыға алатынын көрсетіп берді.  

Кеме соғу ісінде финикиялықтар аса шебер болған, олар өз кемелерін өз елдерінде қалың өсетін балқарағайдан жасаған. Финикциялықтар шпангоутты ойлап тапқан деседі, шпангоуттар кемелердің қаңқасын қатты ете түсті. Зерттеушілердің басым бөлігі финикиялықтардың бұл өнертабысты Крит аралының кеме соғушыларынан алды деп есептейді, белағашты да солардан көрген делінеді.

Қалай болғанда да, біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын кемелер бүгінге дейінге сақталып келе жатқан формада жасала бастаған. Олардың қаңқасы берік шпангоуттар мен ұзына бойы қапталатын стрингер каркастан жасала бастады, ал кеменің тұрақтылығы белағаш арқылы қамтамасыз етілді. Бастапқы кезде белағашты екі бөренені белгілі бір бұрышын біріктіру арқылы жасалса, белағаштың қазіргі құрылымы кейіндеу шығарылды. Кеменің діңгегі мен қарадүрсін желкені болды.

Желкеннің жетілдірілмеуі олардың тек көмекші құрал ретінде түсінілгені болса керек, осылайша кеменің негізгі қозғалтқышы ескек болды. Кеменің жылдамдығы ескекшілердің санына тікелей байланысты болды. Бастапқыда көп ескекшіге арналып, ұзын кемелер соғылды, кейін болса бес деңгейлі қабатқа отырғыза бастады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×