Эссе және өлең-жыр байқауы

Оқу үрдісін технологияландыру мәселелері

"Оқу үрдісін технологияландыру мәселелері"(эссе)

Мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары: Пірімқұлова Гүлзат Сәрсенбекқызы

Оқу үрдісін технологияландыру мәселелері «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуника- циялық желілерге шығу» Қ.Р.»Білім Туралы» Заңы 1-тарау, 8-бап, 7-тармақша

Қазіргі ғалымдану мен техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Ендеше еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін – оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінуде. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.Ал жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік тууда. Ал жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім.Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады.Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруында. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді. Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс. Оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс-әрекетті оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне, топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуалдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Әрбір сабақта оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады. Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-салалы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты - ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған. Толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ өз тілегін, өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамыта алады. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ. Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн: • Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет. • Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет. • Мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек. • Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі. • Мүмкіндігінше кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі. • Балалрдың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру. • Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану. • Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет. Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарға компетентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтеруге болады. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленген.Білім беруді жаңартудың негізгі принциптерін білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру принциптерін анықтайды.Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы – білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етті.Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген байланыстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланының ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Осы мәселе жөнінде В.А.Сухомлинский «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек»- деп айтып кеткендігі есімізге оралады.Сабақта, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, яғни ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау болса, ал қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда ұстаз-білім жүйесінің дамуының түп нұсқасы. Оның негізгі міндеті – тұлғаны қалыптастыру, оқушының бойында адам мәдениетінің негіздерін қалау, өмірге бейімдеу, әлеуметтендіру. Осыған байланысты мұғалімнің білімін жетілдірудің стратегиясы – қазіргі заман мұғалімінің қасиеттерін қалыптастыру болып табылады: білімді гуманист, интеллигент, жаңаша ойлайтын, креативті, оқушыға ерекше жаратылған құндылық ретінде қарайтын тұлға болуы тиіс екендігі баршамызға аян. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналуда. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің білім беретін оқу орындарына әсері оның оқу үрдісіне ізгілікті және демократиялық бағыттарды ендіруді қажет етуінен айқын көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұраныстарды алға қойып отыр. Ертеңгі болашақ мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы болуы тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай маман педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімділігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды. Қазіргі заманғы білімнің көкейтесті міндеттерін іске асыруда шешуші рөл реформаны, білім жүйесінің динамикалық және прогрессивті дамуын толығымен жасауда оқу-тәрбие жұмыстарын оның өзіндік ерекшелігімен, жоғары тиімділігі педагогикалық технологияны обьективті түрде, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттауды қамтамасыз ететін дидактикалық ғылымға жүктелген. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде оқу үрдісін технологияландыру, яғни бағдарламалап оқыту тәрбиесінде іске асатын білім технологиясы, дамытып оқыту контекстіндегі педагогикалық технология, жаңа ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, оларды оқу үрдісіне енгізу мәселелері ашып қарастырылған. Дегенмен, көптеген жұмыстарда мәнді шығармашылық жасалыну мәселелері қозғалса да, педагогикалық технологияны дидактикалық арнайы зерттеу ретіндегі оқулар мен талдаулар олардың жан-жақты және толық жасалынбағандығы көрінеді. Көптеген зерттеу жұмыстарында тек кейбір тенденциялар қарастырылады да, оларды тәжірибе жүзінде ғылыми негіздеу мәселелері болмай, педагогикалық негізделген құрылымдарда іске асуы мүмкін. 1 Технологиялық қызметтің негізгі мақсаты: мектеп мұғалімдеріне педагогикалық, коммуникативтік, басқару технологияларының теориялық модельдерімен таныстыру, мектептің оқу-тәрбие беру үрдістеріне қажетті технологиялардың жүйелерімен таныстырып алгоритімдеу, тәжірибеде ғылыми тұрғыдан байқаудан өткізу, коррекциялық жұмыстар жүргізу және сараптама жасау болып табылады. Мектеп жағдайында технологиялық қызметтің потенциалы өте үлкен екені анықталды. Өйткені, мектептің оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру процесстері жүйелі түрде жүргізіліп және үзбей бақылауда тұратындығы мұғалімдер тарапынан жіберілген кемшіліктер тез арада түзетуден өтетін болады деп ойлаймын. Жаңа педагогикалық технология – педагогика ғылымының жаңа саласы. Жаңа педагогикалық технология психологиямен, дидактикамен, физиологиямен, этнопедагогикамен, педагогика тарихымен, педагогикамен, яғни басты ғылымдармен байланысты. Сондықтан да қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру үшін, сауатты да білімді, білікті, жаңа технологияны жақсы меңгерген іскер маман керектігін көрсетеді. Ал осындай жаңа педагогикалық технологияны меңгерген білікті маманды қазіргі таңда жоғары оқу орны дайындауы керек деп ойлаймын. Сондықтан да, қазіргі кезеңде жоғарғы оқу орнының қабырғасында жүріп болашақ мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияны жан-жақты меңгергені өте орынды болар еді. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді. «Жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: • Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; • Өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қарым-қатынастарының жүйесі; • Іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы; • Айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете танып білу; • Шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген. Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негіз бар, бұл келесі түсіндірмеден айқын көрінеді: «Педагогикалық технологиялар» - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының даиуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару қызметтерін ашатын педагогикалық технология, оқыту технологиясы және оқу үрдісін технологияландыру терминдері даму үстінде. Қолданыстағы бұл үш ұғымның өзара байланысына келетін болсақ, әр ұғымның өз анықтамасы, өз орны, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы қызметі әр басқа. Оқу үрдісін технологияландыру оқушы мен оның оқу қызметін басты назарда ұстай отырып, бірізділікпен айқын белгіленген мақсаттарға бағытталу. Мақсаттарды нақтылаудағы негізгі бағыттары: • Оқушының ішкі интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму үрдістері негізінде мақсаттарды анықтау; • Оқытылатын білім мазмұны арқылы мақсаттарды анықтау; • Оқушыларды оқу қызметі арқылы мақсаттарды анықтау; • Мұғалім қызметі арқылы мақсаттарды анықтау; Оқыту технологиясы – бұл оқушылардың қызметін құру. Мұнда оқушылардың өнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту жағдайларына, нысандарына, әдістеріне, тәсілдеріне, құралдарына басымдық беріледі. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемді қолдануды қажет етуде. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, бейне конференция, телекоммуникация жүйелер арқылы іске асырылады. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттеліп, білім жүйесіне енгізілуде. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыру. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқушының толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік- гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғам дамуындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттар, әлемдік мәдени – білім кеңістігіне шығу жолдары, дамыған мәдениетті елдердегі білім жүйесі және қазіргі педагогика ғылымының даму тенденциясы – болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда жаңаша дайындықтарды талап етеді. Қазіргі мұғалім қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби стильді, оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болуы керек. Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шыраруы болып отыр. Қорыта келгенде, білім беру жүйесінде ұлттық моделін халықаралық моделіне теңестіруді мақсат етсек, ақпараттық технологияның оқыту үрдісіне кеңінен қолдануын қамтамасыз ету қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×