Өлең, жыр, ақындар

Ағылшын тілі ҰБТ-ның міндетті пәндеріне қосылуы мүмкін - ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді рефорламалау бойынша жұмыстарды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ вице-министрі Тақир Балықбаев мәлім етті.

«Біз қазір ағылшын тілін енгізуді межелеп отырмыз, көрші Ресейде 2021 жылдан бастап ағылшын тілінен міндетті түрде емхтихан тапсырылатын пәндерге қоспақшы. Сондықтан бізде міндетті түрде тапсырылуы тиіс пәндердің қатарына ағылшын тілін де қосуымыз әбден мүмкін. Осы орайда, біз Ұлттық бірыңғай тестілеуді реформалау бойынша жұмыстарды бастамақпыз. Оның нұсқасы қандай болады, қалай іске асырылады, оны түбегейлі анықтағаннан кейін халыққа егжей-тегжейлі айтатын боламыз», - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, ҰБТ сұрақтарының бағыты мен мазмұны да біршама өзгереді.

«Мұнда бірнеше бағыттар бар, біріншіден, біз фактілерден логикалық сұрақтарға көп басымдық беретін шығармыз. Демек, түлектердің ойлау қабілетін бағалауға болады. Оған біздің енгізіп жатқан арнайы тапсырмалар бар», - деді Тақир Балықбаев.

inform.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар