2012 жылдан бері алғаш рет Қазақстанда жастар жұмыссыздығының деңгейі төмендеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен кәсіптік-техникалық білім беру мәселесіне арналған кеңесте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
«Бүгінде біз еңбек нарығы аясында түрлі болжамдар мен талдаулар жүргізудеміз. Бұл тұрғыда болашақта еліміздің кәсіпорындары мен ұйымдары кәсіптік-техникалық білімнің кадрларында қажеттілікті сезінетіндігі байқалуда. Мәселен, ағымдағы болжамға сүйенсек, қажеттіліктің 73 пайызға жуығы қайта өңдеу өнеркәсібі саласында, яғни тағам және тоқыма өнеркәсібінде, сондай-ақ құрылыспен ауыл шаруашылығы бағыттарында болмақ», - деп тоқталды вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын еңбек нарығына 200 мыңнан астам жастар, мектеп түлектері, орта-арнайы және жоғары білім ұйымдарының түлектері бағыталады. Әрине, мектепті тәмамдаған жастардың көбісі колледждер мен ЖОО-ларға түсетіні түсінікті.
«Колледждер мен ЖОО түлектерінің арасында басым бөлігі жұмысқа тұрады. Алайда жыл сайын 70 мыңға жуық жас түлек жұмыссыз қалып, өздеріне лайықты қызмет таба алмайды», - деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, дегенмен де бүгінде жалпы алғанда бұл бағыттағы үрдіс оңтайлы көрсеткішті байқатуда. 2012 жылдан бері алғаш рет Қазақстанда жастар жұмыссыздығының деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінен төмен болып отыр.
«Осы төрт жылда жастардың жұмыспен қамтылуы 120 мың адамға өсті. Бұл өз кезегінде өте қарқынды өзгеріп отырған көрсеткіш. Елде жұмыспен қамтылған адамдардың 2,3 миллионын жастар құрап отыр. Елімізде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр, ал бүгінде жастар жұмыссыздығы 4,5 пайыз деңгейінде», - деді вице-министр.
Автор: Руслан Ғаббасов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі