Өлең, жыр, ақындар

Елбасы Ақтөбедегі физика-математика мектебінің оқушыларымен жүздесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін  аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі және оқуда үздік нәтижеге жетулеріне ниеттестігін білдірді.

Мектепте 202 педагог маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 8 тәрбиеші және 17 шетелдік қызметкер оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар