Эссе және өлең-жыр байқауы

Павлодарлық оқушылар 2016 жылғы үздік олимпиадалық команда атанды

Павлодар облысының оқушылар командасы жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша республикалық олимпиадада «2016 жылғы үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды, деп хабарлады білім басқармасының маманы Балжан Әділханова.

Интеллектуалдық жарыстар Көкшетауда өтті. Оған 700-ден астам оқушы қатысты.

Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанған 44 оқушы қорғады. Павлодарлықтар 23 медальға қол жеткізіп, бірінші орынға ие болды.  Оның үшеуі алтын, жетеуі күміс және отызы қола.  Екі қатысушыға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы табысталды.  

Физика бойынша бірінші орынға ие болған дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Антон Седлецкийге тегін білім алуы үшін Халықаралық ІТ университетінің  гранты берілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×