«Ұлт жоспарының» 79-шы қадамын іске асыру аясында Ақмола облысында аймақтың төрт мектебінде ағылшын тілін ерте оқу бойынша эксперимент басталды. Бұл - Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы, Атбасар ауданының Атбасар қаласындағы №5 мектеп, Көкшетау қаласының №3 орта мектебі, Степногор қаласының №6 мектеп-гимназиясы.
Көкшетау қаласында М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында бірнеше тілде оқыту іске асырылуда, мұнда 7 сыныптан бастап алгебра және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылуда.
Бірнеше тілде оқыту Көкшетау қаласындағы «Қазақ-түрік лицейі» дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-интернатында да іске асырылуда. Оқыту бағдарламасы 7 сыныптан бастап бес тілде білім беруді қарастырып отыр.
Қазақ-түрік лицейінде ағылшын тілінде оқытудың кадрлық мәселелерін «KATEV» халықаралық білім беру қоры шешіп отырғанын атап өтейік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі