Өлең, жыр, ақындар

Жасөспірімдермен жұмыс барысында нәтижеге жету үшін кейбір фактор

Өзін-өзі тәрбиелеу — бұл адамның өз-өзімен саналы түрде жұмыс істеуі, өз-өзіне баға беруінің нәтижесі, идеалдылықты қалыптастырып, өзін-өзі кемелдендіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу.

Тәжірибе көрсеткендей, адам өзін-өзі тәрбиелеу жайлы бозбала шақта ойлана бастайды, себебі бұл процесс психологиялық есейгендікпен – өз-өзіне баға беру мен өзін-өзі байқауға қабілеттілігімен байланысты.

Дәл бозбала шақта «идеалды» өзің жайлы алғашқы ойлар пайда бола бастайды және «осы шақтағы — мен» мен «қалауыңдағы — меннің» арасындағы айырмашылық байқала бастайды.

Жасөспірім өзінің идеалды бейнесіне жақындау үшін алдына мақсаттар қояды. Алайда барлық жасөспірім өзін-өзі тәрбиелеумен айналыспайды, себебі мұның болашақ өмірлері үшін қаншалықты маңызды болатынын барлығы түсіне бермейді. Әдетте өзін-өзі тәрбиелеумен ерік күші дамыған және өзін-өзімен жұмыс істеу дағдысы бар балалар айналысады. Жасөспірімдер өзін тұлға ретінде тәрбиелеу барысында қандай да бір нәтижеге жетулері үшін кейбір факторларды ескеруі тиіс, әсіресе мұны мұғалімдер қаперінде ұстағаны жөн.

Тәрбиелеудегі факторлардың бірі еліктеуге тұрарлық идеалдарды дұрыс қалыптастыруға көмектесу болып табылады. Бұл балаларға табысты, тағдыры еліктеуге тұрарлық танымал адамдардың биографиясымен таныстыру арқылы іске асады. Таңдалған кейіпкердің биографиясындағы өзін-өзімен жұмыс істеген кездеріндегі деректерге аса назар аудартып айту керек.

Ұжымда нақты бір орынға ие болу сынды өзін-өзі тәрбиелеу факторлары да ынталандырады. Сонымен қатар лайықты орынға ие болу үшін лайықты болу керектігін және еңбектену керектігін түсіндіреді. Бұл жағдайда педагогтың міндеті – жасөспірімдердің назарын мінезінің кейбір тұстарына білдіртпей аударту арқылы олардың тәртібін түзеу, мысалы, біреулерде — бұл қызбалық, басқаларында — ұжымның басқа адамдарына деген менсінбеушілік және т.б. болуы мүмкін.

Өзін-өзі тәрбиелеудегі тағы бір маңызды фактор – жасөспірімдердің қатарластарының оң және теріс мысалдары болып табылады. Оң мысалдармен бәрі түсінікті, тек бастысы асыра сілтеудің қажеті жоқ, біреудің баласын оған мысал болатын баланың көзінше асыра мақтауға жол бермеңіз, әйтпесе кері механизм орын алуы мүмкін – оң мысалды теріс мысал деп қабылдауы мүмкін.

Себебі жасөспірімдердің жаны нәзік келеді, сондықтан құрдасына жасалған мақтау сөзді өзінің дәрменсіздігі деп қабылдауы мүмкін. Сонымен қатар, біреумен салыстырмай-ақ, басқа жасөспірімдердің бойындағы жағымсыз қасиеттерге баға беруге болады, әсіресе мұндай қасиет «тәрбиеленушінің» бойында болса.

Кейде біреулердің жағымсыз қылықтарын сөгу жасөспірімді өз қылықтары жайлы ойлануға итермелейді.

Өзін-өзі тәрбиелеу факторлары жасөспірімдерде ішкі қарсылық пен өзін-өзімен жұмыс істеу қажеттілігін тудыратын психологиялық механизм сияқты әсер етеді. Мұндай қажеттілік әрбір жасөспірімде пайда болады, ал педагогтың міндеті – соны сезіп, түзу жолға бағыттау.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз