Өлең, жыр, ақындар

Әр оқушы ұстазының теріс әрекетін интернетке жариялай алады - ҚР Вице-премьері

Мұғалімдер балаларға қатысты өздерінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланбауы тиіс. Бүгін Астанадағы № 81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева осылай мәлім етті.

«Өкінішке қарай, бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланатын  мұғалімдер жайында жағымсыз материалдар көптеп кездеседі. Яғни, мұғалімдер оқушыларға қатысты өкілеттігінің шегінен шығып жатады. Әрқайсыларыңыз білулеріңіз керек, бүгінде біздің балалардың қолында смартфондары бар. Атап айтқанда, олардың әрқайсысы сіздердің қызметтеріңізге «тыңшылық» жасай алады. Сіздердің кез келген жақсы немесе жаман әрекеттеріңіз Интернетте көрініс табуы мүмкін»,-деп тоқталды Д. Назарбаева. 
Оның сөзінше, бұндай «шаралар»  министрліктің немесе әкімдік тарапынан жасалған бұйрықтар мен нұсқауларға қарағанда тиімдірек тәртіпке салады.«Бұл жайында әрдайым естеріңізде болған жөн» , - деп түйді Үкімет басшысының орынбасары. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Фариза

81 "Astana English School" қаншасыншы кластан қабылдайды. Маған осы мектеп туралы толық ақпарат бере аласыздарма.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар