ҚР Үкіметі «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2016 жылғы 26 наурыз №158 Астана, Үкімет Үйі
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту жəне «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту жəне «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындалатын қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының жəне олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сəйкес шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танымал əлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда жəне салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.»;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының Республикалық комиссия айқындаған қызметкерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан əрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты);»;
11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сəйкес келмеген жəне «электронды үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Əкімші «электрондық үкімет» веб- порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сəйкессіздігін жою жəне жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дəлелді жауап береді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі