Өлең, жыр, ақындар

Қулық

Сейсен мұғалімнің сабақ айтып тұрған баланы онша тыңдай бермейтінін байқап қалды. Ендеше, сабаққа дайындалып келмесе де болады.

Мұғалім бүгін оны тақтаға шығарды. Сейсен қулыққа көшті. Ағайдың айтылған сабаққа аса назар аудармайтынын пайдаланып: "Баяғыда поп болыпты, - деді Сейсен. - Поптың иті көп болыпты".

Ағай бұл кезде сыныптың арт жағында жүр еді. Сейсен осыны пайдаланып, әлгі сөзді қайталай берді:

"Баяғыда поп болыпты, поптың иті көп болыпты".

Мұғалім Сейсенге риза болды. "5"-тік баға қойды. Кезек Сейсеннің парталасы Әнуарға келді. Әнуар да Сейсеннің қулығын қайталап көрмек болды:

"Баяғыда поп болыпты. Поптың иті көп болыпты".

Мұғалім бұл кезде сыныптың алдыңғы жағына келіп қалған еді. Әнуардың не айтып тұрғанын естіп қалды. Жақсылап сыбағасын берді.

- Әңгіме қандай поп туралы?! - деді мұғалім айғайды салып. - Қай жерден ит көріп тұрсың?!

Сейсен қу бұл кезде кітаппен бетін бүркеп алған күйі, Әнуардың мына халіне партаның үстіне жатып алып, бүлкілдеп күліп жатыр еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз