Қазақстан мектептерінің 5 мың оқушысы мәтінді оқу және түсіну қабілетіне тексеріледі. Бұл туралы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-дан хабарланды.
«Қазақстаннан халықаралық іріктеумен 5008 төртінші сынып оқушылары оқу сауаттылығы зерттеуіне қатысу үшін таңдалды. Аталмыш зерттеуге әлемнің 250 000 бастауыш сынып оқушылары қатысады. Барлық елдер үшін бірыңғай тестілеу уақыты белгіленген, яғни, тестілеу 80 минут 10 минуттық үзіліспен жүргізіледі. Әрбір қатысушыға екі түрлі мәтін ұсынылады. Әдеби мәтін - бұл қызықты оқиға немесе ертегі ретінде ұсынылады, ал екіншісі - ғылыми-ақпараттық бағыттағы мәтіндер болады. Онда жануарлар туралы әңгімелер қамтылмақ», - делінген хабарламада.
Оқу сауаттылығы нәтижесі екі позиция бойынша бағаланады - әдеби оқу тәжірибесі және ақпаратты игеруі мен пайдалана білуі. Сондай-ақ сауалнамаға төртінші сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директорлары қатысады.
PIRLS зерттеуінің үйлестірушісі болып табылатын Оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы деңгейіне әсер ететін сыртқы факторлардың дәрежесі бойынша талдауын ұсынады. Зерттеу 2016 жылғы 4-30 сәуір аралығында өтеді. Зерттеу нәтижесі 2017 жылғы желтоқсанда жарияланады.
Зерттеу бес жылда бір рет өткізіледі. Жоба алғаш рет әлемнің 35 елінің қатысуымен 2001 жылы іске асырылды. PIRLS зерттеуінің 3 кезеңі бойынша (2001, 2006, 2011) көшбасшы елдер қатарында Гонконг, Ресей Федерациясы, Финляндия және Сингапур тұр.
Автор: Руслан Ғаббасов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дина
Оны кім қалай тексереді.Кім тексереді ауызша болама сонда?????