Бескүндік білім жүйесіне көшетін болсақ, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Бұл бізге өте қажет, себебі біз бескүндік оқу жүйесіне көшетін болсақ, оқушылар тағы 36 күн демалады. Осы 36 күннің орнын толтыру керек. Сол себепті біз мектепте оқу уақытын жазда ұзартуға тура келеді», - деді министр тілшілерге берген сұxбатында.
«Бүгінгі уақытта бірінші сынып оқушылары 1 маусымда оқуларын аяқтайды деп жоспарлануда. Жыл сайын бұл мерзім ұзара түседі және маусымның ортасына дейін жетуі ықтимал», - деді Е. Сағадиев.
Оның айтуынша, оқу уақытының ұзаруы жаңа білім беру бағдарламасының қабылдануына да байланысты болып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айгул
Жаздык демалысты кыскартканнан ештене озгермейди.
Әділ
Бес күндік оқу жүйесіне көшу бастауыш сыныптар болмаса,жоғары сыныптарға керек емес, жексенбі,мереке күндері мен әр тоқсан арасындағы демалыс күндері де жеткілікті сияқты.