Осы жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша барлық азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда студент қыздарға арналған мамандықтар ашылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Әскери кафедраға оқуға түсу үшін қыз балаларға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтер мен психологиялық тестілеу тапсыру қажет. Барлық осы көрсеткіштер комиссия отырысында қаралады.
«Әскери кафедрада білім бере отырып, біз қыздарға бірден ҚР Қарулы Күштерінің офицері ретінде өзін айқындауға мүмкіндік береміз. Әділ болу үшін және бірде-бір жоғары оқу орнының бойжеткендері назардан тыс қалмау үшін біз кафедраны барлық жоғары оқу орындарында аштық. Оқу аяқталғаннан кейін барлық үйренушілерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі және олар автоматты түрде ҚР Қарулы Күштерінің жұмылдыру резервісіне енгізіледі», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева.
«Біздің әскери кафедрада қыздар төрт мамандық бойынша дайындықтан өтеді. Студент қыздардың көбісі болашақта өздерінің өмірін ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етумен байланыстыруды жоспарлайды. Берілген тапсырмаларды қыздар сәтті орындайды. Және менің ойымша, олардың біршамасы әрі қарай қызмет жасауға дайын», - деді Қазақ-гуманитарлық заң университетінің әскери кафедра бастығы, запастағы полковник Амангелді Ибраев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі