Алматыда студенттерді алдаған алаяқтар ұсталды. Бұл туралы Бостандық аудандық ІІБ хабарлады.
50 жастағы Жанарбек Берестенов пен 41 жастағы Динара Серікпаева, 26 жастағы Ыбырайым Захыров студенттерге «елдің кез-келген ЖОО-сына магистратура мен докторантурасына түсіріп беремін» деп уәде беріп келген.
«Бұл азаматтар ғылыми атақ іздеген адамдарды тауып алып, магистратураның жаңа түріне түсіріп кейін мемлекеттік шәкіртақы алуға көмектесеміз деп алдаған. Яғни, «магистранттарға 130 мың теңге, докторанттарға 180 мың теңге көлемінде айлық шәкіртақы берілуі тиіс» деп алдап келген. Осылайша 67 адамды сазға отырғызып, 178 мың АҚШ долларын алған. Олардың 8-і шынымен жапа шеккені анықталды», - деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Берік Әбілбеков.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі