Еуропадағы секілді Қазақстанда да бала алты жастан мектеп партасына отыруы керек. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім етті.
Министр сөз арасында 12 жылдық білім берудің негізгі міндетіне тоқталған болатын. Оның айтуынша, бұндағы басты міндет бірінші сыныпты алты жастан бастау.
«Қазіргі күні алтыға толған балалардың жартысы мектепте партада отыр, жартысы әлі барған жоқ. Алтыға толған баланы мектепке беру керек, бұл - аса маңызды жас. Осыны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері баяғыдан түсінген. Өйткені, бала миының синопсиясы алты жасқа дейін толығады, сосын кішірейе бастайды. Ендеше, бұл жасты дұрыс пайдаланбасақ, онда ары қарай бәрі қиындай түседі», -деді Е. Сағадиев.
Оның айтуынша, алты жастан бастап мектепке барған бала мен одан кеш барған баланың дамуында ерекшеліктер болады. Бұл білім беру деңгейіндегі айырмашылықтарға да әкеп соғады.
«Сондықтан да, Еуропадағы секілді Қазақстанда да бала алты жасынан мектепте партаға отыруы керек. Бұл бағытта арнайы сыныптар дайындалған. Бұл бағдарламаны алдағы төрт жылда енгізіп, аяқтауға тиіспіз», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі күні елімізде 150 мың бала алты жастан оқыса, 180 мың бала мектепке бармаған.
Автор: Қанат Мәметқазыұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі