Қандай ауру болмасын алғаш басталғанда адамның күнделікті қалыпты өмір тіршілігін өзгертеді. Жұмыска деген кабілеттілік азайып, бойды немқұрайлылық пен самарқаулык билеп алады. Ал жұкпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауыруы жиілеп, берекесі кетеді.
Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауыруға карсылығы, төзімділігі кенет төмендеп кетуі мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт науқасты төсекте қозғалтпай, . қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа апармайды. Қимылсыз жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ ұстау үшін сырқат адам әлі келген кезде біртіндеп тыныштық пен қимылдың арасын жақындату керек. Бұл науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне, кезеңіне байланысты шешілетін мәселе.
Емдік гимнастика дұрыс қолданылса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, корғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді.
Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Ол – жоғары жүйке жүйесі мен гуморалды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер және моторлы-висцералдық рефлекстер.
Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Әлдендіру механизмі
Арнайы тағайындалған жаттығулар жүйке жүйесінде тежеу немесе қоздыру үдерістерін өзгерте отырып, орталық күштің жұмысын реттейді. Мұның өзі оның . басшылық қызметін арттырып, ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуын үдетеді. Бұл бұлшықеттер мен ішкі ағзалар арасындағы рефлекстің байланысынан туады. Үлкен бұлшыкеттер неғұрлым көбірек қозғалса, әлдендіру әсері соғұрлым көбірек болады. Жаттығумен айналысқан адамның көңіл-күйі көтеріліп, наукас адамның кұлантаза жазылатынына сенім пайда болады. Ал сенім неге болса да тиімді әсер етеді. Сондықтан әрбір жаттығуды сеніммен, шын көңілмен жасаса, әркімнің толық жазылуға мүмкіндігі мол.
Қоректендіру механизмі
Буындардан жоғары жүйке жүйесіне баратын сезімдер (проприоцептік импульс) вегетативтік жүйке жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді. Ал буын қимылдарынан денедегі зат алмасуы, қышкылдану-тотығу, қайта түлеп қалпына келу үдерістер жүзеге асады. Жұмыс істеген бұлшықетте ұсак қантамырлары кеңейіп, оттегі көбейіп, керексіз заттар көктамырмен керісінше ағындап кетіп жатады. Қан айналымы үдеп, лимфа (тін аралығындағы түссіз сұйық зат) айналымы жаңарады. Осының салдарынан дене қоректік затпен камтамасыз етіліп, ауруға шалдыққан , жер тез жазыла бастайды. Мәселен, сынған мүше жетіліп, кабынған организм басылып, тыртық болған тері бастапқы қалпына келе бастайды. Сөйтіп, қоректендіру механизмі денені семіп қалудан сақтайды.
Орнын толтыру механизмі
Дене тәрбиесі, әртүрлі жаттығулар ауру салдарынан солып қалған мүшені, бұлшыкеттерді қалпына келтіреді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты. Жаттығулар екі жұп мүшенің біреуі зақымданып калған кезде екіншісін шыңдай отырып, барлық жүктелген қызметін толық аткаруға мүмкіндік береді. . Мәселен, екі бүйректің біреуі істен шықса, екінші бүйректің күшін жаттығулар аркылы арттырып, организмге ауырлык түспеуін бақылайды. Сол сияқты өкпе ауруларында, әсіресе туберкулездің асқынған түрінде немесе обыр болғанда бір өкпенің бөлігін, әйтпесе бір өкпені толығымен оталап алып тастауға тура келеді. Сонда организмге қажетті оттегі калған өкпе аркылы келеді. Бірақ оны толық меңгере алмауы мүмкін. Осы кезде дене шынықтыру жаттығулары көмекке келеді. Арнайы жаттығулар арқылы қалған өкпенің көлемін үлкейтіп, денеге қажетті оттегі мөлшерін толық жеткізуге мүмкіндік жасайды.
Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі (уақытша) ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Ал екіншісі науқас адам бір мүшесінен айрылған кезде қолданылады. Мәселен, қолдың жүйке жүйесі жарақаттанғанда ол қимылдаудан, бір нәрсені ұстаудан калады. Сол кезде жүйке жүйесіне «жандандыру» өте қиын болғандықтан, қолдағы барлық бұлшықеттерді шынықтырады. Мұның өзі қолдың иілуіне, әртүрлі қимылдар жасауына көмектеседі.
Орнын толтыру механизмі деген осы. Қалайда . науқастың организмін қалпына келтіру, оған өз мүмкіндігін сезіндіру.
Бірыңғай немесе қалпына келтіру механизмі
Қандай науқас болмасын кұлантаза айығып кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық кұрылысы қалпына келгенмен, кейбір мүшелердің қызметі бірыңғай дамиды. Міне, осы функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін барлық аурудан кейін дене жаттығуларымен айналысу қажет. . Тек сонда ғана, жоғары жүйке жүйесінің басқару қызметінің басқа мүшелермен, буындармен, ішкі ағзалармен байланысы түзеледі. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Тек сондай байланыс қалпына келсе ғана, адам толық жазылады, ауруынан айығады деуге болады.
Жоғарыда айтылған емдік гимнастиканың механизмдері бір-бірімен тығыз байланыста. Солардың әсерінен емдік гимнастиканың бірнеше қыры мен сырын ашуға болады. Олар: біріншіден, бүкіл денеге әсер ететін өзгеше терапиялық касиеті; екіншіден, аурудың асқыну үдерістеріне жол бермейтін патогендік қасиеті; үшіншіден, денедегі әр мүшенін кызметін, іс-әрекетін қатарға қосып, қалпына келтіретін функционалды касиеті; төртіншіден, . кемтар болған мүшеге сүйемелдеу, соған бейімделу, науқастың көңілін көтеру қасиеті; бесіншіден, емдік-педагогикалық касиеті – ол ауру адамның алдына бір мақсат қойып, барлық ынта-жігерімен, сана-сезімімен жаттығуларды орындауында.
Осындай дене гимнастикасының жан-жақты әсерінен сырқат адам толығымен қатарға косылады. Оның ой-өрісі, еңбекке қабілеті артып, өз мамандығын меңгеретін, . әлеуметтік, экономикалық қажетке жарайтын бағалы қызметкер болуына мүмкіндік туады.
Г. ИКІМАНОВА,
медицина ғылымының докторы,
профессор
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі