Қазақстандағы түрік лицейлерінің жұмысын Қазақстан мен Түркия білім беру министрліктерінің мамандарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы тексереді деп жазады Қазақпарат.
Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты келіссөз нәтижесі бойынша баспасөз конференциясында түрік журналистерінің сұрақтарына жауап беру барысында мәлімдеді.
«Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мектептер - біздің мемлекеттің мектептері. Бұл мектептерде төрт тілде оқытылады. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде. Мектептерде жұмыс істейтін оқытушылардың 90 пайызы Қазақстан азаматтары және тек 8-9 пайыз оқытушылар Түркиядан балаларын оқыту үшін келеді», - деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы мектептерді жергілікті атқарушы органдар қаржыландыратынын атап өтті.
«Түркияға қарсы жұмыс істейтін күштерді біз еш уақытта қолдамаймыз. Бұл біздің мүддемізге жатпайды. Сондықтан біз бүгін елдеріміздің білім беру министрліктері жұмыс тобын құрып, әр мектепті тексереді деп уағдаластық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы бұл лицейлер тексерілгенін және олардан заңсыз ештеңе таппағанын атап өтті.
«Біз жүргізген тексеріске сәйкес олар ешбір қазақстандық заңдарды бұзған жоқ. Оқыту бағдарламасы ҚР білім министрлігінің оқу бағдарламасы негізінде жасалады», - деп хабарлады Назарбаев.
Мемлекет басшысы егер бұл мектептерде Түркияға қарсы бағыттағы адамдар болса, онда Қазақстан мұны еш уақытта қолдамайтынын, тиісті шара қолданатынын және Түркияның барлық өтініштерін орындайтынын қосты.
«Барлық осы мектептерде ата-аналар өз балаларын оқытқаны үшін ақы төлейді. Білім беру сапасы өте жоғары. Білім алатын 9 мың баланың бірнеше мыңы әлемдік олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары, олардың барлықтары университеттерге түседі», - деді Назарбаев.
Қазақстан президенті Қазақстанда түрік лицейлерін құру марқұм Тургут Озал кезінде басталғанын еске алды.
«Біз бұл мектептерді егер жастарымыз біздің тілдерді білсе, бір-біріне жақын болады деген ниетте құрдық», - деп сөзін түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жанна
Неше жылдан беры жұмыс жасап келе жатыр лицейлер оның несін тексертед нәтижесі көрініп тұр ғой білімді жастар олимпиядадан бірінші орын алып келеді үнемі
Айдын
Басындағыларды терорист (Fetullahçı Terör Örgütü (FETÖ)) болып тұр ғой, неге тексермеске? Сақтықта қорлық жоқ.
Ербол
Нәтижесі қандай екен? Кім көріп жүр нәтижесін? Халық па? Әлде байлар көріп жүрме. Онда сол литчейлердің білімі мықты болса, нәтижесі көп болса, ол жерден бітіргендер ауылдарға барып қызымет жасасын, Ауылдар қирап жатыр, нәтиже деп айтасыз.