Өлең, жыр, ақындар

Үрме бұршақ және оның пайдасы

Үрме бұршақ (фасоль) – бұршақ тұқымдасына жататын дақыл. Оның дәнінде ақуыз 17-23%, крахмал 50-60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, ақуызы адам ағзасына оңай (90%) сіңеді. Сонымен қатар құрамында крахмал, көмірсулар мен нәруыздар, С, B1, В2, В6, РР дәрумендері, макро және микроэлементтер (әсіресе, мыс, темір, күкірт, хлор), фосфор, калий, натрий, магний, кальций, лизин, аргинин, гистидин, тирозин, триптофан бар. Үрме бұршақтың касиеттері ет пен балыққа жақын келеді. Оның ағзаны тазалаушы және несеп айдаушы қасиеті бар. Бүйрек, қуық, бауыр, жүрек жеткіліксіздігі, асқорыту ауруларына диеталық тағам ретінде қолданылады. Құрамында темір мөлшері көп. Ол эритроциттердің (қанның қызыл түйіршектері) түзілуіне көмектеседі, жасушаларға оттегінің келуін қамтамасыз етіп, иммундық жүйені нығайтады. Ақ үрме бұршақтың құрамында тіс, сүйекті қатайтатын магний мен кальций бар. Ақ үрме бұршақты қайнату кезінде араластырмау керек. Қайнаған соң суын төгіп тастап,салқын су құйса, барынша құнарлы да, дәмді болады. Үрме бұршақтардың құрамында тирозин, триптофан, метионин және т.б. аминқышқылдарының көп болуына байланысты депрессияға қарсы дақыл саналады. Ол тіпті қатерлі ісікпен ауру қаупін азайтады. Бұршақты шикі күйінде жеу улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген адамдарға үрме бұршақ жақпайтындықтан, іштің кебуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін, үрмебұршақпен бірге аскөк немесе жебіршөп жеген дұрыс. Қызыл үрмебұршаққа қарағанда ақ үрмебұршақ іш кебуді аз тудырады. Үрмебұршақты қарт кісілерге, гастритпен, тоқ ішегі қабынған, асқазан жарасы, өт қабынуы, артық тұздың жиналуымен ауыратын науқастарға жеуге болмайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Макпал

Коп рахмет .Озиме кажетти малиметти алдым.

Гулжаухар

Қара лобиядан қандай тағам жасаса болады?

Гүлзира

Керемет мәлімет алдым рақмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз