Өлең, жыр, ақындар

Депутаттар мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеруді сұрап отыр

ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді. Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, оны Үкімет басшысының атына жолдады.

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады.

"Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстан да білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс", - дейді депутат Смирнова.

baq.kz тілшісі: Арман АСҚАРОВ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Самига Талипкызы

Мугалымдердин жалакысын котеру маселеси орынды котепилген.Тек дурыс шешимин тапсын деп тилейк.

Набат Молдабекова

Мұғалімдер жалақысы өте аз.Көтеру керек.

Арнұр

Көтерілсе жақсы болар еді. Дұрыс бағыт.

Абуталипова Назира

жо ғарыда айтылған мəселе бүкіл мұғалімге қуанышты хабар деп ойлаймын. əрине жалақыны көтеру керек. қазіргі жаңартылған білім беру жүйесімен сабақ беру жəне қағазы оте ауыр. Егер осы ұсынысты құптаса нұр үстіне нұр болар еді демекпін

Назым

Мына ақпарат Baq.kz сайтвнан алынған, дереккөзін сілтемемен көрсетсеңіздер жақсы болар еді

Гульжамал

Ия, жалақы көтерілгені жақсы ғой. Алайда, мектептің материалдық базасын байытылмай, ағымдағы жасалатын жөндеу жұмыстарын мемелекет тарапынан жасамаса, бәрібір ұстаздар ол жұмыстарды өз қалтасынан жасайды ғой...

Разия

Мұғалімдердің зейнетке шығу жасын да төмендету керек, тым болмаса ауыл мұғалімдерінің зейнет жасы төмендетілсе болпр еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар