Жабир бин Хаййан (араб.: جابر بن حيان; Тус, 721 шамасы, — Эль-Куфа, 815 шамасы) - Химия ғылымының негізін салушы, мәшһүр Ислам ғалымы. Бүкіл ислам ғалымдары секілді дін ілімдерімен қатар жаратылыстану ғылымдарды жетік меңгерді. Жаратылыстану ғылымдарының бүкіл салаларында еңбектері бар. Жафар Садық хазреттерінен тәлім алған. Ислам әлемінде «суфи», ал Еуропада «Гебер» (Geber) деген атпен танылған. Жабир Бин Хаййан әуелі дәрілерге қатысты жұмыс жасады. Еңбектері тәжірибелер негізінде болатын. Тәжірибелері мен нәтижелерін кітаптарға түсірді. Көпшілігі химия және басқа да жаратылыстану ғылымдарына байланысты бес жүзден астам кітап жазды. Бұлардың арасында діни ілімдерге қатысты еңбектері де бар.
«Гебер», Жабир бин Хаййаннның 15-ғасырдағы Еуропалық портреті.
Химия іліміне қатысты қызметтерінің біршамасы: Кристалдану, дистилятор, кальцинация, сублимация және булану сияқты үрдістерді ашты. Ең алғаш болып осы аталған үрдістерді жүргізетін химиялық құрылғы (әл-имбик) жасады. Минералдар мен қышқылдарды ашты. Тәжрибелерінің нәтижесінде қолданбалы химияға көп жаңалықтар енгізді, жаңа әдістер шығуына және басқа да жаратылыстану ғылымдарында жаңа ой-пікірлер тууына жол ашты.
Әр түрлі металдардың қолданысқа жарамды халге келтіру, болаттың жақсы өңделуін, тері иленуі, су өткізбейтін маталарды лактау, шыны жасауда манган-4-оксидін қолдану, тотығудың алдын алу, алтын түсті бояумен әрлеу, бояулар мен майлардың жасалуы т.б. Сондай-ақ бұлардың құрамын және химиялық қасиеттерін тауып кітаптарына түсірген. Химиялық элементтердің бір-бірімен реакцияға түсетінін айтқан. Бірнеше химиялық элементтерді анықтап арабша есім берген. Біршамасы әлі сол есімдерімен аталуда. Жазған кітаптары Ислам медреселерінде оқытылып, Әндулус мұсылмандары арқылы Еуропаға өткен. Еуропаның зиялылары ғасырлар бойы оның кітаптарынан тәлім алған. Еңбектерінің көпшілігі жоғалып, жиырма жетісі латынша және неміс тіліне аударылып 1473-1710 жылдар аралығында Нуренберг, Франкфурт және Стразбургта басылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жасұлан
Европалықтар араптарға қатты әуестенген болса керек, ертегілерінің кейіпкерлері осындай киім үлгіде киінеді емес пе... Гарри Поттердегі Альбус Дамблдор, Хоббиттегі Гэндальф... Қысқасы барлық сиқыршы... Химиктер)