Өлең, жыр, ақындар

Сөзжұмбақтар

Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ
9- сынып оқушысы
Жуманазарова Аида   
     

 

Сөзжұмбақ  «Әріптерді қосып оқыңдар»

Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?

 

Жасырынған жұмбақ шумақ:

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық.

Ашылар мезгілінде баурын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық.

                                            (Шешуі: кітап)

 

«Кім тауып оқи алар екен?»

Келтірілген сызықтарға ел-халық туралы сегіз мақал жазылған. Сызық бойымен сызғышты жүргізе отырып, сол мақалдарды тауып кім оқи алар екен? (Қосу белгісі нүкте орнына жүреді)

 

Жасырынған мақалдар

1. Берекелі жерден мереке кетпес.

2. Халық айтпайды, халық айтса, қалт айтпайды.

3. Адассаң елмен адас.

4. Елде түлкі аштан өлмес.

5. Кеңес қылған азбас, кеңінен пішкен тон тозбас.

6. Өзбек өз ағам.

7. Ел іші – алтын бесік.

8. Орыс бар жерде қоныс бар.

 

Жасырынған сөз

Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, шақпақты толтырып жазыңдар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңдар, сарымен сызылған жолды тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.

 

Берілген сөздер:

1. Ағаш.
2. Айт.
3. Жаса.
4. Сөз.
5. Бәкі.
6. Кең.
7. Бүр

 
Жасырынған сөз
1. Ағашсыз.
2. Айтқыш.
3. Жасанды.
4. Сөзшең.
5. Бәкісіз.
6. Кеңірек.
7. Бүрмелі.

 

Тігінен оқығанда «Сын есім»

Сөзжұмбақ

Төменде берілген жұмбақтардың жауабын таба отырып, кестеге орналастырсаңдар,  тігінен оқығанда грамматикалық бір терминнің аты шығады.

1. Біреуін бердім, онын тердім.
2. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.  
3. Суда өсіп, өнеді, сыртқа шықса өледі.
4. Төрт аяққа керілді, әдемі үй боп көрінді.
5. Сыртын отқа қақтайды, одан басқа жақпайды.
6. Төртеу адамы, біреу алаңы.
7. Суда көлік, құмда өлік.
8. Аппақ доп тауып, шақырды ақ ....
9. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын, тұмсығы біздей.
10. Шашылды көктен ақ моншақ, жоғалды біздер тапқанша–ақ.

Жауаптары:

1. Тұқым
2. Қоян
3. Балық
4. Шатыр
5. Қазан
6. Үстел
7. Қайық
8. Тауық
9. Тырна
10.Бұршақ

Тігінен оқығанда «Толықтауыш»


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (20)

Нурсулу

Рахмееетт!!

жібек

керемет

Нұргүл

Керемет

Kiaransalee

tamas'a

Метро 2033

Керемет

Назым

РАХМЕТ!!!!! маған қатты көмектесті

Медина

Маған ұнады осындай сөз жұмбақтар шығарып тұрыңыздар

Ханшайым бауыржан

Рахмет керек боп тур еди тилегенин алдыңнан издемей ак табйлар

Малика

Рахмет
Коп коп

Турар

Рахмет

Мереке

Өте жақсы,бірақ мақан "сұлулық" сөзіне ребус керек еді.Білесіздер ме?Өтініш

......алина

Улылар кунине соз жумбак курап беринизши отиниш рақмет алдын ала осы казир керек болып тур отинишшш

Риза

Ой дамытуға көп əсерін тигізеді екен, рақмет

Зарина

Сәлеметсіздер ме қалайсыздар,рахмет сізге ойдамытыуға жақсы сөз жұмбақтар екен Алланың ризашылығын алыңыз

Шұғыла

Пж маған реформа сөзіне сөзжұмбақ жасау керек еді

Бактылы даулет

Сіздерге көп рахмет

Бактылы даулет

Ррааққммеетт♡♡

Бекболат Бақберген

Өте керемет маған ұнады

Сара

Интернет пж

Али

Пайдама жарады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз