Өлең, жыр, ақындар

Красноярск өлкесінің қорығында аюлардың нағыз «драмасы» түсірілді

Ол кідіріп, қонжықтарына бір қарады да, кейін алды-артына қарамастан әлемдегі ең үлкен өзеннің арғы бетіне жүзіп кетті.

Ортасібір қорығы инспекторының бейнетаспасына ұрғашы аюдың қонжықтарымен қоштасу сәті түсіп қалды. Ол оларды өсірді, енді жануарларға өз бетінше өмір сүруді үйрену керек, деп жазады Siberian Times.

Ұрғашы аю соңғы аналық парызын орындау үшін жақсы жерді таңдаған. Ол екі қонжығын Енисейдің жағасына алып келеді де, қоштасқан соң өзеннің арғы бетіне жүзіп кетеді.

Ұрғашы аю қонжықтарының бұл жаста (шамамен бір жарым жас) оның артынан баруға жүрексінетінін білгендей. Осылайша олар оның иісін сезбей қалады.

Қонжықтар анасының қылтиған екі құлағы барған сайын алыстап бара жатқанын бақылап, су жиегінде ұзақ тұрды. Анасының қайтып келетініне сенімді болғандай. Келесі күні де қонжықтар анасынан айырылған жерге қайтып келеді. Бірақ ұрғашы аю қайтып оралмайды. Ол балаларына қолынан келгеннің бәрін жасады, енді олар өз бетінше өмір сүруді үйренуі керек.

Ортасібірлік қорықта шамамен 250 қоңыр аю мекендейді. Бұл аңдар аса өсімтал емес. Әдетте ұрғашы аю өмірге екіден көп емес тұқым әкеледі. Қонжықтар бір жарым-екі жасқа толғанда аюлар отбасы бір-бірінен ажырайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айнұр

Екі қонжықты аяп кеттім :(

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз