- Бала бағуға барасың, - деді завуч Перизатқа.
- Қандай бала?! - деді Перизат таңданып.
- Мектепке қоңырау шалынды. "Бос мұғалім болса, бала бағуға жіберіңдерші" дейді.
- Апай, мен бала күтуші емеспін ғой, - деді Перизат.
- Түсініп тұрмын ғой, - деді завуч. - Осы күні жұрт мектепке қоңырау шалатын болыпты. Түске дейін бірдеңе қылып лаждай тұршы енді, сонан соң орныңа басқа мұғалім болса, жіберермін.
- Апай, менің бала күту міндетті жұмысым емес қой, - деді Перизат бұртиып.
- Амал қанша?! - деді завуч алақанын жайып. - Сол бөбек "үһі" деп жөтеліп қалсыншы, біз жауап береміз.
- Не үшін үйлерінде отырған бөбектердің "үһі" деп жөтеліп қалғанына біз жауап беруіміз керек?!
- Білмеймін, - деді завуч. - Өзім де түсініп жүрген жоқпын. Сөйт. Бірдеңе қылып лажда.
Перизат көрсетілген мекенжайға келгенінде, сәнді киінген жас келіншек кішкене баласын тастап, сытылып шыға берді.
Перизат балаға қарап еді, бала Перизатты жатырқап, бақырып жылап қоя берді.
Перизат бөбекті өбектеп кетті. Түске дейін сонымен әуре болды. "Өз баламды да бүйтіп бақпаған шығармын" дейді Перизат бөбекті әулектетіп көтеріп жүріп.
- Перизат тәте!
- Кім бұл?!
Тарих пәнінен сабақ беретін Нұргүл екен.
- Сен мұнда не істеп жүрсің?! - деді Перизат таңданып.
- Завуч жіберді. Перизат тәтеңді алмастыр деп.
- Түу, жақсы болды ғой! - деді Перизат қуанып кетіп. - Мә, ұстай ғой!
Бала енді Нұргүлді жатырқап, түске дейін үйреніп қалған Перизатқа қарай талпынды.
- Әлі зейнетке шыққанша келіп тұрамын ғой, - деді Перизат бөбекке.
Сонан соң Перизат бөбектің жанына қайтадан келді.
- Мен сені оқуға түсіріп барып, зейнетке шығамын, - деді Перизат бөбектің бетінен ауыртпай, еркелетіп, шымши ұстап. - Әйтпесе, маған қиын болады. Өйткені сен қайтсе де осы елдің болашағысын!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі