Өлең, жыр, ақындар

Ар-намыс, ұят туралы ұлағатты сөздер

Нысап пен ұят әділеттен шығады.

Абай Құнанбаев

Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.

Сырым Датұлы

Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.

Ғабит Мүсірепов

Әділеттілік, арлылық пен махаббат - қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар.

Абай Құнанбаев

Арсыз болмай - атақ жоқ.

Абай Құнанбаев

Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын.

Абай Құнанбаев

Арыңды сатып тапқан мал - харам.

Абай Құнанбаев

Пайда ойлама - ар ойла.

Абай Құнанбаев

Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.

Абай Құнанбаев

Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл.

Нұрсұлтан Назарбаев

Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет.

Мұхтар Әуезов

Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.

Махамбет Өтемісұлы

Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.

Сырым Датұлы

Сайланарда бермейтін уәделері жоқ. Сайланып алған соң аспанда құдай барын, ел-жұрт алдында абырой -ұят барын ұмытып кетеді.

Ғабит Мүсірепов

Ұятсызбен ұстаспа.

Махмұд Қашқари

Тау суындай тұнық та мөлдір ар.

Сағат Әшімбаев

Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза.

Мұхтар  Әуезов

Масқарадан ажал да ақтап ала алмайды.

Мұзафар Әлімбаев

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Шерхан Мұртаза

Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.

Шерхан Мұртаза

Ұлттығыңды жойып, тіліңді кесіп, аузыңды буа берсе - қорқақ та  боласың, бүгежек те, именшек те боласың.

Шерхан Мұртаза

Малым - жанымның садағасы,

Жаным - арымның садағасы.

Мақал-мәтел

Өлімнен ұят күшті.

Мақал-мәтел

Ерді - намыс өлтірер, қоянды - қамыс өлтірер.

Мақал-мәтел

Жарлы болма, арлы бол.

Мақал-мәтел

Келгенше - қонақ ұялар, келген соң - үй иесі ұялады.

Мақал-мәтел

Ұялған тек тұрмас.

Мақал-мәтел

Көпті жамандаған көмусіз қалады.

Мақал-мәтел

Көп - қорқытар, терең - батырар.

Мақал-мәтел

Баланың ұяты - әкеге, қыз ұяты - шешеге.

Мақал-мәтел

Ұрлық түбі - қорлық.

Мақал-мәтел

Ұры  - байымайды, сұғанақ - семірмейді.

Мақал-мәтел

Бермегенді беріп ұялт.

Мақал-мәтел

Арсыз - жеңдім дейді, арлы - көндім дейді.

Мақал-мәтел

Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі.

Төле би Әлібекұлы

Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.

Тоныкөк

Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.

Сайф Сарайи

Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Міржақып Дулатов

Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Ұят қымбат, ар қымбат,

Жаның сүйген жар қымбат.

Қазыбек Келдібекұлы

Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.

Қожа Ахмет Йассауи

Арың сақта, болсаң да малға кедей.

Қожа Ахмет Йассауи

Арам жеген өкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.

Қожа Ахмет

 

Қажетті сілтемелер(қарап көріңіз):

Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Қызықты деректер

Сұрақтар мен жауаптар

Қазақша есімдер

Ертегілер

Жұмбақтар

Өлеңдердің авторлары

Өлеңдер

Анекдот, әзілдер

Жаңылтпаштар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар