Өлеңдер Бөлімі

БҒМ төрт пәннің мұғалімдерін 2,5 айдың ішінде ағылшын тілінде сөйлетіп шықпақшы

Пилоттық жоба Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында қолға алынды. Әрбір қалада 25 мұғалім, жалпы 75 мектеп оқытушысы химия, физика, биология мен информатика пәндерін ағылшын тілінде түсіндіруге үйренеді. Олар үшін арнайы бағдарлама жасалды. Білім және ғылым министрлігінің осы тапсырысын Professional development centre алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған орталықтың департамент директоры Аида Уразаева тапсырыстың нақты сомасын ашқан жоқ. Алайда оқуға түскен 75 мұғалімді 2,5 айдың ішінде ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, тіпті жазуға үйретіп шығамыз деп отыр.

«Осы уақыттың ішінде үш қалада білім алатын мұғалімдер күніне төрт жарым сағат ағылшын тілін үйренетін болады. Барлық сабақтар тек сол тілде ғана өтеді. Пилоттық жоба үшін біз арнайы бағдарламаны даярлап шықтық. Мұғалімдер сол бағдарлама бойынша тіл үйренетін болады. Шыны керек, бастапқыда олардың тарапынан бір қорқыныш болды. Алайда қазіргі кезде олардың бойында кәдімгідей құлшыныс, тілді үйренемін деген мақсат анық байқалады», - дейді А.Уразаева.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, мұғалімдердің тізімін министрлік білім беру басқармаларының ұсынысы негізінде әзірледі. Олардың барлығы - химия, физика, биология мен информатика оқытушылары. Әзірше, ағылшын тілін білмейді. Желтоқсан айына дейін олар Starter, яғни бастапқы кезеңнен бастап, А1-А2-В1 сияқты сатылардан өтуі тиіс. Ал курстың соңында олардың дайындықтарын тәуелсіз мамандар бағалайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (5)

ШалаҚазақ new edition version 2.0

Неге қазақ тілінде сөйлетіп шықпайсыңдар? Осы жұмсалған қаражатты қазақ тілін дамытуға жұмсасаңдар ақылға қонымды әрі игі іс болар еді.

Ералы

2,5 айдың ішінде үйренуге болады ма? Қазақ тілін осы елде тұрып, қазақ тілді арналар, радиолар, қазақ тілді адамдар бар бола тұра... оны қояберші өзі қазақ бола тұра 25 жылдың ішінде "үйрене" алмағандар көп емес пе?

Жасұлан

Бюджеттен ақша бөлдіріп өзге тілді үйретіп кімге қызмет қылудамыз? Қазақ тіліне келгенде ше? Өз жеріңде өз тіліңде Сұрақ қойсаң “Неғып орысша сөйлемейсіз, біз қазақша сөйлейтін қазақ емеспіз. Біз басқа ұлт өкілдеріміз! Назарбаев айты ғой сендерге “орысша сөйлеңдер” деп “скандал” көтереді

Еркебұлан

Қазақша сөйлетiп алсын))

Гулнур

2,5 айда агылшын тилин уйренип шыгу мумкин емес..

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×