«Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас»
«Ата-ананың ақылы— қазулы қара жолмен тең»
Д. Бабатайұлының шығармалары
Кітаптар
Бабатайұлы, Д. Замана сазы [Мәтін] : [өлеңдер мен дастандар] / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Жазушы, 1991. - 160 б.
Бабатайұлы, Д. Өсиетнама [Мәтін] / Д. Бабатайұлы - Алматы: Ғылым, 2001.- 132 б.
Бабатайұлы, Д. Тұнық тұма [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Раритет, 2002. - 288 б.
Бабатайұлы, Д. Кеудем - ақыл сарайы [Мәтін] : [өлеңдер жинағы] /Д. Бабатайұлы; құраст.Қ. Раев. - Астана : Ер-Дәулет, 2002. - 112 б.
Бабатайұлы, Д. Шығармалары мен тағылымы [Мәтін] / Д. Бабатайұлы - Алматы : Раритет, 2003. - 288 б.
Бабатайұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] : [өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер] / Д. Бабатайұлы; құраст. С. Қорабай. - Алматы : Ана тiлi, 2013. - 296 б.
Бабатайұлы, Д. Осындай заман кез болды... [Мәтін] : [өлең-дастандар және мақалалар ] / Д. Бабатайұлы . - Астана : Фолиант, 2013. - 272 б.
Найман-сыбан руы көшіп-қонған, Балқаш пен Аягөз аралығындағы өңірде туған. Арабша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оның жазбалары арқылы XVII ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың өлең түріндегі туындылары сақталған.
Дулат Бабатайұлы – өлеңдері типографияда басылып, кітап болып жарық көрген тұңғыш қазақ ақыны. «Өсиетнама» атты алғашқы жинағын 1880 жылы баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
Дулат өлеңдерінің қолжазбаларын сақтағандар - Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы. Ақын өлеңдерінің 1500-нен астам жолы – теңдесі жоқ рухани мұра.
Ақын өлеңдерінде халықтың ауыр жағдайы, орыс отаршылдығы, олардың жағымсыз қылықтары суреттелген («Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға»). 1940-1950 жж. Дулат шығармалары әдеби дау нысанына айналды. Оның шығармашылығын орта мектептерде оқытуға тыйым салынды.
М. Әуезов «Абай жолы» романында оның тәлімгерін Барлас деген жалған есіммен береді. Абай Дулат өлеңдерін мұқият зерттеп, оның кей тұстарын пайдаланған. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде Дулаттың болыс жайлы жазған өлеңінің сарыны байқалады. Дулат қазақ поэзиясына ұйқастың жаңа түрін әкелген: «а а а б». Мұны кейін Абай да пайдаланған.
Дулат – сатиралық жанрда қалам тербеген алғашқы ақын. Оның өлеңдері көбінде дидактикалық әрі ғибратты сарында. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев Д. Бабатайұлының барлық шығармаларын жинап, баспаға әзірлеген. 1991 жылы қаламгердің «Замана сазы» атты шығармалар жинағы жарық көреді.
Ақын шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған.Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым өлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне, – дейді.
Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам,
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді?
Дулат сынды сорлыда
Ұйқы, тыныштық бола ма?
Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерден де "Байғыз қарт" – Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?!
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.
Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.
Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.
Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам, – деген сөздің түсуі де содан.
"Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді.
Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.
толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.

жылы қаламгердің «Замана сазы» атты шығармалар жинағы жарық көреді.
Ақын шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған.Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:
Менің атым – Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар...
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым өлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем – ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне, – дейді.
Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең,
Найман-сыбан руы көшіп-қонған, Балқаш пен Аягөз аралығындағы өңірде туған. Арабша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оның жазбалары арқылы XVII ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың өлең түріндегі туындылары сақталған.
Дулат Бабатайұлы – өлеңдері типографияда басылып, кітап болып жарық көрген тұңғыш қазақ ақыны. «Өсиетнама» атты алғашқы жинағын 1880 жылы баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
Дулат өлеңдерінің қолжазбаларын сақтағандар - Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы. Ақын өлеңдерінің 1500-нен астам жолы – теңдесі жоқ рухани мұра.
Ақын өлеңдерінде халықтың ауыр жағдайы, орыс отаршылдығы, олардың жағымсыз қылықтары суреттелген («Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға»). 1940-1950 жж. Дулат шығармалары әдеби дау нысанына айналды. Оның шығармашылығын орта мектептерде оқытуға тыйым салынды.
М. Әуезов «Абай жолы» романында оның тәлімгерін Барлас деген жалған есіммен береді. Абай Дулат өлеңдерін мұқият зерттеп, оның кей тұстарын пайдаланған. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде Дулаттың болыс жайлы жазған өлеңінің сарыны байқалады. Дулат қазақ поэзиясына ұйқастың жаңа түрін әкелген: «а а а б». Мұны кейін Абай да пайдаланған.
Дулат – сатиралық жанрда қалам тербеген алғашқы ақын. Оның өлеңдері көбінде дидактикалық әрі ғибратты сарында. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев Д. Бабатайұлының барлық шығармаларын жинап, баспаға әзірлеген. 1991
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі