ОҚО, Түркістан қаласы
Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің
3 "А" сынып оқушысы: Назарава Нозли Мақсудқызы
Жетекшісі: Якубова Мамлакат Ергешовна
Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жұп саны,
Нешеу болды түп саны? (10)
***
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын балақан. (8)
***
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан?
Жан–жағыңа қарамай. (натурал сан)
***
Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. (5)
***
Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. (33 асығы бар)
***
1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма? (тең)
***
Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады? (144 теңге)
Назар аудар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айша
Рахмет!