Бүгінде кең таңдауға ие мамандықтардың басым көбі небары 20 жылдан кейін ізім-ғайып жоғалуы әбден мүмкін. Мектеп мұны қарастырмайды әрі алдын ала дайындамайды да. Десе де перзентін келешек мамандықтарына бейімдеуге әр ата-ананың қауқары жетері анық.
Көптеген мамандық жер бетінен жоғалады
Әлемде жаңа бетбұрыстар белең алу үстінде. Көптеген мамандыққа деген қажеттілік жойылып, кезегімен жоғалуда. Аздаған жылдарды еңсергеннен кейін-ақ жүк көліктерін жүргізушілерді автопилот алмастырады. Бұған қатысты жүргізілген сынақтар нәтижесінде жіберілетін ағаттықтар мен құрбандар саны азайғаны, ал жол тығыздығы артқаны байқалған. Нәтижесінде жұмысшыларға, сақтандыруға, қызмет көрсету мен жол құрылысына жұмсалар қаражат үнемделеді.
Бірқатар елдерде салыққа қатысты процестерді толықтай автоматтандыру мақсатында салық заңнамасы қайта қарастырылуда. Егер осы қарқынмен жалғаса берсе, бухгалтер, салықшы мамандықтары да жоғалуы бек мүмкін.
Өндіруші мен жеткізуші арасындағы қарым-қатынас автоматтандырылған жүйеге көшуде. Өндіру мен жүк жөнелтуді автоматтандыру өндіріс процесін жоспарлауды автоматтаныдырумен тікелей байланысты.
Біраз жыл бұрын мыңдаған адам еңбек еткен тоқыма фабрикаларының жұмысын бүгінде небары ондаған адам ғана жүргізуде. Тіпті, сатушысыз дүкендер де пайда болды. Интернет арқылы сатып алушылар өзге адамның араласуынсыз-ақ тапсырыс бере алады. Күні бүгін жүргізушісіз, станция тазалықшыларынсыз жұмыс істейтін метро салынған қалалар да бар.
Автоматтандырылған технологияларды қолданысқа енгізу тиімді саналатындықтан, бәрінен бұрын бұқаралық мамандықтар жойылады. Ал бұқаралық мамандықтарға арналған инновация басқа да мамандықтарға қатысты инновация жасалуының құнын арзандатады.
Сатып алушыларға қойылар талаптар да жоғарылауда. Біліктілігіңіз төмен болса, артық төлейсіз
Интернет-дүкендерден зат сатып алу белгілі деңгейдегі білім мен дағдыны қажет етеді. Бүгінде интернет-дүкендерге арналған жаңа бағдарламалар жасалып жатыр. Оның көмегімен сатып алушы виртуалды кеңістікте ұсынылған элементтерден қалаған өнімін жасай алады. Артынша автомат қажетті өнімді жинауға кіріседі. Ал дайын өнім автопилотпен басқарылатын көлікпен сатып алушыға жеткізіледі. Міне, алдағы күндерде балаларымыздың өмірі осындай сипатта болмақ.
Яғни жұмыс үшін, тіпті, қарапайым ғана тауарды сатып алу үшін де жоғары біліктілік қажет болатын күн келеді. Ал жоғары біліктілікке қалай қол жеткіземіз?
Білім беру жүйесінде келешек мамандықтарға дайындау қарастырылмайды
Мектеп пен жоғары оқу орындары тек заман сұранысына сай мамандықтарға дайындайды. Әлі де пайда болмаған мамандыққа оқытатын курс ашу мүмкін емес. Оған қоса мемлекет қаңқасы да құрылмаған мамандықтар дайындығын қадағалай алмайды. Тек үйірме жұмысы жүйесінде ғана педагогикаға қатысты жаңаша көзқарас, өзгеше әдістер қарастырылуда.
Десе де тыңнан туған бұл әдістердің мақұлдануы бір жыл көлеміндегі уақыт талап етеді. Ал қызмет түрлері қарқынды түрде өзгеріп, түрленіп жатқан заман ағымымен қатар жүзуге бейімделу бүгінгі уақытты қажетсінеді. Сондықтан ата-аналар балаларын өздігінен дайындап, заман талабына сай дағдыларға машықтандыруы керек.
Әрине, барлық қызмет саласында автоматтандырылған жүйені қолдану мүмкін емес. Осы себепті автоматтандыруға келмейтін мамандықтар ғана өзгеріссіз қалмақ. Десе де автоматтандырылмағандығына байланысты бұл мамандық түрлерін таңдайтын адамдар саны артады. Тиісінше, бәсекелестік жоғарылығына қарай, төленетін жалақы мөлшері төмен болады.
Ғылым саласын алгоритмдеу мүмкін емес, сондықтан оны да автоматтандыруға болмайды. Адамдар еңбегі шүбәсіз сақталатын сала –инновация жасауға, адамзат тіршілігіне жағымды орта тудыруға қатысты мамандықтар. Жаңа технологияларды дайындайтын салада тер төгетін адамдарға жоғары жалақы төленуінің себебі де осында.
Адамзат тіршілік ортасы күн санап табиғилығын жоғалтуда. Үйлер, көшелер, тұрмыстық заттар, бұйымдар, жүріс-тұрыс құралдарының барлығы жасанды орта қалыптастырады. Тіпті, саябақтар мен қала маңындағы ормандарды табиғи сипаты жойылып барады. Әр түрлі сала дизайнерлеріне деген сұраныс аталған маман жетіспеушілігін туғызды.
Бүгінгі және келешектегі қызмет түрлерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады, себебі жұмысшыға нақты талап қоя алмайсыз. Мысалы, құрылыс заттарына сызба бойынша тапсырыс беруге немесе үй төбесін жабуға арналған бөрененің сызбасын, есебін тапсырыспен алуыңызға болады. Десе де мұның бәрі автоматтандырылған түрде орындалады.
Ғылыми жұмыс, иноовация, өнер, дизайнға қатысты тапсырыстың нақтылығы, күрделілігі себепті, тапсырыс беруші мен атқарушы арасындағы қарым-қатынас өзгеше сипатқа бет бұрады.
Қарым-қатынас жүйесі өзгеруде
Бүгінгі күні экономикалық процестерді басқару құрылымдарында маңызды өзгерістер орын алуда. Басшылар қатары азайып, басқарушылар бұйрық беруден белгілі бір ереже құруға көшкен.
Ғаламтор басшысыз-ақ жұмыс жасайды. Осы тәрізді қағидала негізінде криптовалюталар пайда болуда. Экономикалық қызмет саласында табысқа қол жеткізумен тікелей байланысты болғандықтан, аталған қағидалар бүкіл процестерде қабылданады.
Өткен ғасырда басқару жүйесі сатылай басқару қағидаларына сүйенген. Бүгінде көптеген құрылымда деңгейлік байланыс қалыптасу үстінде.
Ертеректе көшбасшылық қабілеті басым қызметкер көптеген жетістікке қол жеткізген. Ал бүгінгі уақытта коммуникативті байланыс құра білген қызметкерлер табысқа жететін жағдай жиілеуде.
Коммуникативті жүйеде жұмысты бөлісу жөнінде тікелей келісім жасалады. Мұнда «басшылар» мен «қол астындағылар» сынды ұғым жоқ. Аталған жүйенің тиімділігі сол, адамдар бірін-бірі жақсы түсінісіп, жүктелген міндетін атқаруға қабілеті артып, қызметінде қолдану мақсатында қажетті ақпаратты жылдам таба алады.
Әрине, мұндай жүйе барлық мамандықтан көрініс таба алмайды. Олардың кейбірінде сатылай басқару жүйесі сақталып, шығармашылықтан бұрын, атқару қабілеті басым бағаланады.
Қарым-қатынас жүйесі өзгереді. Қай замандарда жазу адамның рұқсат қағазы тәрізді қызмет атқарған. Бүгінде ғаламтордағы жеке парақшаңыздағы қаріп жиынтығы, суретіңіз маңызды. Бұрын сауалнама маңызды болса, бүгін ғаламторда өзіңіз жайлы ақпаратты қысқа да нұсқа түрде бере алуыңыз тиіс. Бұрын бетпе-бет қарым-қатынас болса, қазіргі уақытта виртуалды ортада жұмыс жасауыңыз керек. және виртуалды кеңістікте жұмыс істей білуге де үйрену қажет.
Келешек мамандықтары қажет ететін дағдылар
Әрине, ең қажетті дағдылардың бірі – ақпаратпен жұмыс істей білу. «Нарыққа не қажет?», «Сатып алушылар сұранысын туғызатын инновация қандай?» сынды сұрақтардың жауабын білуге тиістісіз. Ал бұл – болжам. Яғни мамандар жасап жатқан өнімдердің қалай өзгеретінін де болжай білу қажет. Болжам қандайда бір заттың жасалуы үшін, дер уақытында ақпарат алуға, үйреніп-білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сатып алушылардың қажеттіліктерін болжап, жаңа өнім жасауда бәсекелестерден озу үшін, қосымша білім алып, жаңа дағдыларға бейімделуі шарт.
Серіктестік қарым-қатынас құру не сақтау үшін, иноовациялық процестер белгілі бір дағдылардың игеруіңізді талап етеді. Коммуникативтік дағды адамның бала кезінде қалыптасады. Оны жас ұлғайғанда қалыптастыру қиынға соғады.
Серіктестік қарым-қатынас адамдардың бір-біріне шынайы, жүбәсіз сенім артқан кезінде ғана көрініс береді. Бірге қызмет еткен уақытта серіктесіңіздің сенімі арту үшін, не үйренгеніңіз, қолыңыздан қандай іс келетіні, неге үйренуді көздейтініңіз жайлы мәлімет беріп отырыңыз.
Өз мүмкіндіктеріңізден ұялудың қажеті жоқ. Ол бос мақтан емес, сондықтан серіктесіңіздің қабілеттеріңіз жөнінен құлағдар болғаны жөн.
Мұнда партфолионың атқарар рөлі – өте маңызды. Портфолио жасау белгілі дағдыларды игеруіңізді қажет етеді. Ол – жұмысқа орналасуыңызға арналған сауалнама емес, қарым-қатынас құжаты. Портфолио жасауды жас шағыңыздан қолға алғаныңыз абзал. Өз кезегінде ол келешек мамандықтарына қажет дағдыларды меңгеруіңізге көмектеседі.
Сатылай билік жүйесінде жұмыс істейтін мамандар жоғарыдан бұйрық пен тапсырма күтеді. Инновациялық қызмет жүйесіндегі маман не істеуі керек екендігін, іс-әрекет алгоритмін өзі құрады. Ықылас жылдар бойы түзіледі. Ұсыныс жасай білу үшін, жұмысты кезеңдерге бөлу керек. Айтуға оңай болғанымен, аталған әрекеттерді іс жүзінде жүзеге асыру оңай емес.
Ата-аналар қажетті дағдылар жөнінде білуге тырысып, балаларының қызығушылығын тудыра білгені жөн. Өз кезегінде баланың келешек мамандықтарына бейімделуіндегі ата-ана рөлінің өте маңызды екендігін еске салғымыз келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі