ЖОО неліктен шағын қалаларда салынбайды?
Қазақстандық студенттер жоғары білім алу үшін көбіне басқа қалаларға көшуге мәжбүр болады. Бұл біреулер үшін – үлкен мүмкіндік болса, кейбіреулерге таусылмас қиындықтар әкеледі. Студенттер үшін күрделі проблемалар - жол жүру, тұратын жер және азық-түліктің қымбаттылығы. Алайда ЖОО неге тек ірі қалаларда ғана салынады? Мұның себебі не? Бұл туралы vlast.kz-ге сілтеме жасап, 7kun.kz хабарлайды.
Статистика бойынша, Қазақстанда үлкен қалалардан тыс аймақтарда немесе шағын қалаларда бірде-бір Жоғары оқу орны жоқ. ЖОО көбісі Алматы мен Астанада орналасқан. Астанада олардың саны — 15 болса, Алматыда – 40-қа жуық. Ал қалған оқу орындары халық саны 100 мыңнан асатын облыс орталықтары мен индустриалды қалаларда салынған. ЖОО бар ең кішкентай қалалар – Жетісай және Арқалық (халық саны 30 мың адам). Дегенмен, олардың өзі де қала құрылымымен терең байланыста. Мұндай ЖОО-ның өзара қатынас моделінің Еуропа мен Америкадағы жүйеден айырмашылығы көп. Ол жақта университеттер тек мегаполистерде ғана емес, шағын елдімекендерде де бар. Мысалы, АҚШ-тағы ең беделді ЖОО-ның бірі – Принстон университеті Нью-Джерси штатындағы халық саны 14 мыңнан аспайтын Принстон қалашығында орналасқан.
«Себебі, қазіргі Америкадағы университет модельдері алғашында Еуропада пайда болды. Ол жақтағы университеттер көбіне монастырьлерде салынды (Оксфорд, Кембридж), сондықтан қала орталықтарынан алыста орналасқан. Негізінен, жалпы либерал-өнер еуропаның тарихи тәжірибесінен және университет мақсатын түсінгендіктен қалыптасты»,-деп атап өтті Қазақ-британ техникалық университетінің (ҚБТУ) базалық факультетінің деканы Михаил Акулов.
«ЖОО-ның индустриалды орталықтарда орналасуы индустрияландыру және сәйкесінше урбандалуға байланысты болды. Кеңес Одағында көп университеттер 1917 жылдан кейін салына бастады. Бұл ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшіп жатқан кезі. Онымен қоса, гуманитарлық тәртіптің әлсіздігі де себеп болды»,-дейді Акулов.
«Қазақстанда қаладан тыс жерлерде ЖОО-ның болмауы – тарихи ерекшелік. Сонымен қатар, көп оқу орындары орталықтандырылған оқу қалашықтары болып емес, жеке университет ғимараттары болып салынды. Оларда кампус болмады. Сондықтан қаладан тыс жерде орналаса алмады, себебі оған қажетті инфрақұрылым болмады»,-дейді архитектор Елена Дарзиманова.
Оның пікірінше, Қазақстанда мұндай инфрақұрылымға ие тек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы), Назарбаев Университеті (Астана) және Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Өйткені олардың өз қазандықтары, асханалары, кір жуу орындары, дүкендері мен жатақханалары бар және осының барлығы бір территорияда жинақы орналасқан.
Бұл бағытта алға жылжу бар дейді тарихшы Акулов. «Мысалы, Орталық Азия Университі Текелі қалашығына (30 мың адам) жақын жердегі кампус құрылысы. Бірақ бұл бастаманы Қазақстан емес, «Ага хан» Қоры салып жатыр. Олар басқа да кез-келген қаланы таңдауына болатын еді. Бірақ олар университеттің осы локацияны дамытуға қажет екендігін түсініп отыр. ОАУ Нарындағы (Қырғызстан) кампусы мен Текелідегі кампус Кеңес үкіметі кезіндегі индустрия мен білімді байланыстыратын модельден қарағанда ерекше. Мұның қаншалықты сәтті ой екендігін белгісіз, бірақ жақсы бастама»,-деп отыр ҚБТУ деканы.
Психологиялық сарапшы Анна Кұдиярованың айтуынша, ЖОО қаладан тыс аймақта болса, мұнда тек нақты оқу үшін келген түлектер іріктеледі. Білім алу үшін келгендерді университеттің орналасқан жері қызықтырмайды. «Олай айтуымның себебі көп студенттер университетке оқу үшін емес, диплом үшін келеді. Өйткені олар оқымайды десе де болады, бірден жұмыс істеп кетеді. Сонымен қатар, студенттердің өз тұрғылықты жерлерін неғұрлым көп еркіндікке ие болу үшін де тастап кетіп жатады», — дейді психолог.
Ал Михаил Акулов Қазақстан мұндай жобаны жүзеге асыруға әлі дайын емес дегенді айтады.
«Бізде мәдениет пен көзқарас басқаша. Қазақстан бұл – жаңғыру деңгейіндегі мемлекет. Бізде әлі де кеңестік сарқын сақталған. Сол үшін Қазақстан бірінші орында инженерлер, экономистер сияқты мамандарды даярлаймыз. Сондықтан қазіргі жағдайда біз американдық-британдық жүйені өзіміздікімен салыстыра алмаймыз. Тек сондай деңгейге жеткенде ғана бұл моделді экспорттауды бастаймыз. Бірақ оған дейін әлі алыс»-дейді Акулов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі