Мұғалімнің жауапты міндеті – ол адамды қалыптастыру. Бүгінгі таңдағы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, өсіру – мұғалімдік қызметке артылған үлкен міндет. Мұғалімдік қызығы мен қиындығы қатар жүрер, мол еңбекті, үлкен шыдамдықты талап ететін қызмет. Кішкентай күнімнен аяғыма биік өкше туфли киіп алып, өзімнен кішілерге сабақ оқытып, мұғалім болуды армандаймын. Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен айтатын ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткен.Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бала жанымен біте қайнасқанның орны – мектеп.
Еліме өз үлесімдіт қосу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды таңдадым. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Тіл – ғасырдан ғасырға, заманнан заманға жеткізетін халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет-көркем шежіресі, тарихы. Ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілімізді өзіне лайықты шыңына қондыруға үлесімді қоссам игі еді. Егемен еліме өз үлесімді қосып, тәуелсіз мемлекеттімнің ұрпағын біліммен сусындатып, білімнің биігінен көрсету-мен үшін үлкен бақыт. Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі. Ұстаз - тереңде жатқан кенді ашып, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Мен осындай мамандық иесі болуды мақтан тұтамын
«Шорнақ» жалпы орта мектебінің
7«Ә» сынып оқушысы: Жақып Ұлжалғас
Жетекшісі: Жумагулова Раушан Боранбаевна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі