Идеал – соған қарай ұмтылатын, сол бағытта еңбек ететін, жетуді қалайтын үлкен мақсат, мұрат деген мағыналарды білдіретін ұғым. Күніміздегі керіде қалған қоғамдардың ең үлкен кемшілігі идеалсыздық. Адам мен қоғам идеалдарымен ерекшеленеді. Идеалдар адам өмірінде әрі мақсат, әрі дамуы үшін қозғаушы күш есебінде. Мақсаты белгілі болмаған қоғам кері қалуға бейім болмақ. 10 жыл ілгерісін жоспарламаған ел тоқыраудың, бодандыққа ұшыраудың алдын алмаған болады. Ал мұндай кесапат жағдайдан құтылу үшін не істеу керек? Ұлттық құндылықтарына бекем, тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, отанын сүйетін, іші де бүтін, сырты да бүтін қоғам болуға ұмтылу керек. Адамдарға өмірдегі рөлдерін және жауапкершіліктерін үйрету, саулықты сана қалыптастыру керек. Санасыз адамның идеалы сапасыз болары анық. Кім екендігін, қайда, қашан және қандай ахуалда екендігін білмейтін адам келешегі үшін мақсат белгілей ала ма? Әрине жоқ. Алдымен өз мүмкіндіктерімізді, сипаттарымызды және ахуалымызды бағалауымыз керек. Қолдағы мүмкіндіктеріміз қандай, не істей аламыз дегендей пайда мен зиян есеп-қисаптарын қалыптастыру керек. Кейін аяғымызды жерге бекем басып, мақсатымызға қарай бағыт аламыз.
Дамыған мәдениеттердің 20-30 тіпті 100 жылдық ұзақ мерзімді жоспарлары, мақсаттары, идеалдары бар. Және бұл идеалдар өз мүмкіндіктері мен шектеулеріне қарай даярланады. Шектеудің мөлшері болуы тиіс. 7 жастағы балаға тригонометрия үйретілмейтіні секілді, 18 жастағы студентке рационал сандары түсіндіру орынсыз болады. Потенцияалымызды кинетикаға айналдыру тұрғысында жетістікке жеткен сайын кейінгі мақсатымыз потенциалымызды арттыру, идеалдарымызды және мәдениетімізді үлкейту болады. Ал потенциалымызды арттыру үрдісі қалай болмақ? Еңбектеген сәбиді мысалға алайық, біршама уақыт бір қалыпта еңбектеп, уақыты келгенде аяққа тұруды тәжірбие етіп, жүруді үйренеді. Міне осындай сәтте сәбидің мысалындай потенциалымызды арттырамыз. 0-100 дәрежедегі су сияқты, 100 дәрежеге жеткенімізде бұрқырап қайнаймыз. Атқарылатын әдіс қарапайым. Еңбекқор боламыз. Оқимыз, оқыған сайын жазамыз. Аламыз, алған сайын сатамыз. Бірлік, ынтымақ ішінде әрекет етеміз. Сондай сәт келеді, он жыл бұрын 100 зиялысы бар аймақта мыңдаған зиялылар шығып потенциалды арттыру әрекетіміз, сәбидің жүруі, судың қайнауы секілді көрініс табады.
Адам тұрақты түрде дамуға, өзгеруге, ашық жаратылған болмыс. Жер беті адамның табиғатын жақсы білетін жаман ниетті империялисттерге толы. Идеалист болмастан жетістікке жете алған бірде-бір көзқарас, доктрина жоқ. Біздің білуіміз және орындауымыз қажетті нәрсе идиалдарымызды ұлттық санада қалыптастыру және шетелдік азғындықтарға еліктемеу. Жоғарыда атап өткеніміздей кім екенімізді, қайда, қашан және қандай ахуалда екенімізді біле отырып ұлттық және тарихи санада әрекет етуіміз қажет. Біз кімбіз? Біз тамыры мұсылмандық және түркілікпен ұштасқан 21 ғасырдың жастарымыз. Мақсаттарымыз, кім екенімізге қарай пішін алады. Көпшілігіміз түп тамырынан ажыраған, бытыраңқы халдеміз. Сыртымыз жылтырағанымен, ішкі дүниеміз ұлттық руханиятымыздан ажырап, әр түрлі бұзық пікірлердің шырмауына түсіп, батыстың азғын әдеттерін сіңірген халде және уақыттамыз. Не істеуіміз керек? Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста демекші, бәріміз жеке өзімізді білімді, еңбекқор, ұлттық саналы жеке тұлға ретінде жетілдіруіміз қажет. Мақаламызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен түйіндейік:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі