Өлең, жыр, ақындар

Наполеон

Наполеон - Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император. Ол –қазіргі Еуропа тарихына айтарлықтай ықпал еткен адам. Наполеон Бонапарт 1769 жылдың 15 тамызында Корсика аралының Аяччо қаласында, ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Франциядағы 1789-1794 жылдардағы революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жастағы Наполеон капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 жылы Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды.Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті.

1798 жылдың мамыр айында Бонапарт Ғылым академиясының мүшелігіне сайланды.

1799 жылы  9  қарашада биліктегі  дағдарысты пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасады. Ол елде алғашында – консулдық, одан кейін империя түріндегі әскери диктатура орнатты. Әскери өнер саласында Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери кушті  тактикалық және  стратегиялық   жағынан  тиімді пайдалана  білді. Наполеонды жауларының көбі жек көрген, бірақ сыйлаған. Наполеон соғыстарына  қатысқан ағылшын  фельдмаршалы – Веллингтоннан  бүгінгі күннің ең ұлы генералы кім екенін сұрағанда,  ол: "Осы кезеңде, өткен кезеңдерде және  кез келген уақытта, тек қана Наполеон", - деп жауап берген екен. 

Наполеон Бонапарт 1821 жылы 5-мамырда Елена аралының Лонгвуд елді мекенінде қайтыс болды.

Назар аудар:

Наполеон Бонапарт - бүкіл Еуропа императоры

1858 жыл: Наполеон соғысының соңғы тірі қалған ардагерлердің портреттері

Сұлулық жеткілікті ме?

Қандай сезім екен?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айдын

Ұлы тұлға!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер