Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
1КИПиА-16Б тобының 1 курс студенті
Тілеуқұлов Наурызбек Сисенбайұлы

 

Қазақстан - тәуелсіз ел. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр Қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды. Қанша қиыншылық басымыздан өтседе, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл тарих «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөз бар.

«Елдің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа» (Н.Назарбаев) 1991 жылы КСРО ыдырап, Қазақстан өз алдына жеке тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. «Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Республикасы». Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл сөздерден Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден білуге болады.  

Елімнің ертеңінен, болашағынан қорықпаймын, керісінше қуанамын, өйткені келешегім нұрлы болмақ. Оған себеп, бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әдетіміз, ұтымды ұмтылысымыз. Мен Қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің ұрпағымын. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың, ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.

Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер
Тұлпарлар дүбірлеп тепкен жер-деп: қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаев жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді десеңізші?! Ғасыр ағынымен қанды шайқастыда, қой үстінде бозтарғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді де, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, бір-бірін жеуге дейін барған аштық заманды да, табиғаттың дүлей күшінде, бәрін-бәрін көрді, келешек ұрпаққа жету үшін тасқа қашап бәрін мәңгі өшпестей сақтап жазды.

Тәуелсіздік жолындағы күрестердің бірі, 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі. Қазақ жастары билік басшыларының шешіміне келіспей, наразылық білдірді. Қазақстандағы билікті қазақ басқаруы керек деп Кеңестік билікке ашық қарсы шықты. Алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, жаужүрек батырлардың ұрпағы екенімізді дәлелдеп, бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүріп жүрміз. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де міне 25 жыл толады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын. Н.Ә.Назарбаев: «алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйытқи соққан желдер бар. Белде талар, желде бетте қағар. Бәріне де төзу керек, бәріне де көну керек, жас ұрпақ»-деп айтқандай, біздер тәуелсіздіктің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгін партада отырған ұрпақ-ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтың бірінші міндеті-өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпауы, екінші міндеті-сол елді, ірге тасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеуі.  Өзім тәуелсіздіктен кейін туылған жастардың арасында болсам да, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін білемін. Халқымыздың бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиындық көрген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы еді.               

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанаты,
Мен жастарға сенемін!»деп өршіл ақын Мағжан Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңінде келтірілген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. Тәуелсіздік жарияланғаннан бері, еліміз көптеген елеулі табыстарға жетті. Бүгінгі бейбітте, шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу - жастардың маңызды бағыты болуы тиіс. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар ертеңгі өміріміз. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.         


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз