Өлең, жыр, ақындар

Киелі қара шаңырақ университетім

      Қаншама қазақ баласы мен өзге ұлт өкілдерін білім нәрімен сусындатқан ҚазҰУ – дің білім саласына қосқан үлесі бөлек. Себебі, университетіміз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, ҚазҰУ – дің әлемдік деңгейдегі ЖОО – н бәсекелес бола алатыны айқын.

      Іргесі өткен ғасырдың басынан құрылған бұл білім ордасында білім алушылардың да саны жыл санап арта түсуде. Ұстаздар мен білім алушылар білім саласына, университетімізді дамытуға жан – жақты ат салып жатыр десек артық айтқанымыз емес. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі ЖОО – н иық теңестіру үшін бізге бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық университетімізді жан – жақты дамытып, үлес қосуға тырысамыз. Университетімізде әркез сайын көптеген игі шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Жас таланттардың, ғалымдардың жарқ етіп бой көрсетуіне де септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, университетіміз білім саласына, келешек ұрпақтың жан – жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында қоғамға қажетті мамандарды да дайындап отыр. Университетіміздің дамуына, көркеюіне әр білім алушылар үлестерін қосса әлемдегі ең мықты білім ұясына айналады деп сенеміз.

Білімнің нәрін берген саналы игі,

Жаныңа кілең ғалым, дара жидың.

Ғылым, білім қайнаған бұл ұяға

Есімі дәл берілген Фарабидің.

 

Біліммен сусындатқан, жалындатқын,

Тұтамыз бұл ұяны әркез мақтан.

Шексіз алғыс – бұл ғылым ордасына,

Талай жас дарындардың «шамын» жаққан.

 

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Оспанова Ұ.Ә. ulzhan.ospanova.93@mail.ru

Лес А.Қ. aidan_a@inbox.ru


Пікірлер (7)

Нұрасыл

Өте сауатты жазылған. Қарап отырсаң екі азат жолдың ішінде екі мың түрлі мағына беріп жатқандай. Шығармашылық табыстар тілеймін...

Nuraboy_official

yesПахнет творчеством...

Арман

Осы мақаладан кейін мен өзімнің қай университетке түсетінім айқындалғандай болды. Ол Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Көп көп рахмет

Aristan

Маған ең қатты ұнағаны-бұл қыздың  өз университетін мақтағаны. Бұл патриотизмнің айқын көрінісі. Ал патриоты көп ел ешқашан құламайды...

Мереке Қалбаева

Осы мақаладан кейін рухани байып қалуға болады. Осындай мақаларды көбейтсе дұрыс болар еді.

Алпамыс

Əлия мен Мəншүктің ұрпағы осындай патриот болады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз