Отандық мемлекет және құқық теориясында да, батыстық заң әдебиеттерінде де ғалымдар арасында «азаматтық қоғамды» зерттеуде сан алуан көзқарастар бар. «Азаматтық қоғам» деген ұғым алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. «Азаматтық қоғам дегеніміз әлеуметтік, мәдени және рухани салалардың әрекет етуін, олардың қайта өндірілуін, ұрпақтан ұрпаққа өтуін және өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе, жеке индивидтердің және олардың ұжымдарының жеке және ұжымдық мүдделері мен қажеттіліктерінің жүзеге асуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекетке тәуелсіз, жеке дербес қоғамдық институттар және қатынастар жүйесі. Осы мүдделер мен қажеттіліктер жанұя, шіркеу, білім беру жүйесі, ғылыми, кәсіби бірлестіктер, асоциациялар, ұйымдар және т.б. арқылы көрінісін тауып жүзеге асады».
Азаматтық қоғам – меншік иелері болып табылатын еркін индивидтердің және олардың бірлестіктерінің өзіндік мүдделерінің ерекше саласын құрайтын мемлекеттен және саясаттан тыс қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, мәдени, өнегелік, рухани, корпоративті, жанұялық, діни) жиынтығы.Құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекетттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.
Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойынша адамға қатысты əділ болатын, ақыл-парасат, бостандық, сəттілік, тиімділік жəне əділеттілік мекендейтін идеалды қоғамдық құрылым үлгісін іздестіру, ойшылдарды əрқашан толғандырған. Қайта өрлеу дəуірінен бастау алатын ізгілік идеялары, əрбір тарихи кезеңде ойшылдардың еңбектерінде өз көрінісін тапқан. Үшінші мынжылдыққа аяқ басқан кезеңде, ізгілік идеялары жалпы əлемдік деп танылып, өз көрінісін құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам идеяларында табады.
Қазіргі əлемде мемлекеттер арасында тығыз байланыс, жақындасу жəне ғаламдану үрдістерінің кең етек алуы, сонымен қатар осы күнгі болмыс шындығы, мемлекеттердің, белгілі бір стандарттарға сəйкес келуін, өздеріне жəне адамға деген көзқарастарды жаңадан, объективті түрде қалыптастыруды қажет етеді. Азаматтық қоғамның даму тарихы ежелгі Греция мен Римнен бастау алады.Яғни, бұл термин алғаш рет Аристотельдің («societiascivilis») еңбектерінде қолданылады, оны саяси қауымдастық ретінде пайдаланады.
«Құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам» түсінігі түп тамырларын Аристотельдің полис (koinoiapolitike — азаматтық қоғам), Цицеронның societascivilis жəне табиғи құқық идеаларынан алады. Азаматтық қоғам (koinoiapolitike, societascivilis, burgelicheGesellschaft, socitecivile) жəне саяси қоғам, немесе мемлекет (polis, civitas, staat, etat, stato), мəні бойынша бір-бірін алмастыратын терминдер болды. Ежелгі грек ойшылдары «саяси» түсінігіне қоғам өмірінің бүкіл салаларын енгізген: жанұя, дін, білім алу, көркем мəдениеті, өнер жəне т.б. Politike-нің мүшесі болу, яғни, азамат болу — мемлекеттің мүшесі болу, яғни басқа азаматтарға зиян келтірмей, мемлекет заңдары бойынша өмір сүру жəне əрекет ету. Осындай түсінік өзгермеген қалпында XVIII ғасырға дейін сақталып келді. Дж.Локктың өзі «азаматтық қоғам» жəне «мемлекет» түсініктерін өзара алмастырушы ретінде қолданған. И.Кант өзінің еңбектерінде «burgerlicheGesselschaft» (азаматтық қоғам) жəне мемлекет түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Осы екі түсініктің бір-біріне жақындығы Ж.-Ж. Руссо еңбектерінде айқын көрінеді. Руссоға сəйкес, əр азаматтың биліктік қатынастарға қатысуына, халықтың толық билікке иеленуіне негізделген басқару жүйесі ғана, заңды күшке ие. Осының негізінде, Руссо өкілдік қағидасын сынаған, өйткені онда азамат өзінің еркін басқа адамға тапсырып, өзінің азаматтық құқығынан айрылады. Руссо «societecivile», немесе азаматтық қоғам, жəне мемлекет мəнін осылайша ұсынған. Орта ғасырдан жаңа заманға өту шағы азаматтық қоғамның мемлекеттік институттардан өзгешеліктері бар екенін түсінуіменен айшықтанды. Осы тұрғыдан сол кездегі орта ғасырлық бытыраңқы мемлекеттердің орнына ұлттық мемлекеттің қажеттігі идеялогиясы саяси ілімдерге елеулі əсер етті.
Мұхамбет Рахымжан Қайырбекұлы
Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистранты
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі