Өлең, жыр, ақындар

Өшірулі режимде тұрғанның өзінде электр қуатын тұтынатын 5 құрылғы

Сіз білесіз бе? Тұрмыстық техниканың өзіндік құпиялары бар және сіз оны өшіру үшін "OFF" режимін басқаннан кейін де, ол өз жұмысын жалғастыра бермек.

Bilim-all.kz сайты өшірулі күйде энергияны тұтынатын электроникаларды анықтады.

 

Телефонсыз қуаттағыш құрылғы

Қуаттағыш құрылғыға тіпті сіздің гаджетіңіз қосылмаған болса да, электр қуаты жұмсала береді. Күніне шамамен 1,2 Вт. Біздің бюджетімізде мұндай құрылғылардың пайдаланған қуаты жәй ғана болмашы болып көрінеді. 

 

Сандық теледидарға арналған қосымша

Сандық теледидарға арналған қосымша кезекті өшіруден кейін өз жұмысын жалғастырады және энергияның жылына 150 тг-ге жұмсалғанын көрсетеді. Расында, біздің көпшілігіміз теледидарды тек өшірумен ғана шектеліп, мұндай қосымшаларды тіпті күту режиміне ауыстырмаймыз. Осы себептен де құрылғы күніне шамамен 22 Вт тұтынады.

 

Теледидар

Пульттың "OFF" батырмасын басқанда теледидар өшпейді, ол "қалғу режиміне" (қуат үнемдеудің екінші деңгейі) ауысады. Мұндай жағдайда ол күніне шамамен 24 Вт энергия тұтынады. 

 

Компьютер мен ноутбуктер

Компьютер мен ноутбуктер тіпті өшірулі режимде тұрғанда да өз жұмысын жалғастыра береді. Күніне шамамен 96 Вт тұтынады. Сондықтан да оларды розеткадан ажырата отырып, сіз жылына шамамен 600 тг-ні құрайтын электр қуатын үнемдей аласыз.

Әдетте компьютерін қалғу режимінде қалдырып қоятындар осы саны шамамен 1,5-ке көбейте беруіне болады.

 

Таймері бар техника

Таймері бар құрылғылар күніне шамамен 108 Вт электр қуатын тұтынады.

 

Өшірген дұрыс па?

 

Жоғарыда көрсетілген сандар кейбіреуді алаңдатпауы мүмкін, ал басқа біреулерге ол аса таң қаларлықтай көрінеді. Қалай болғанда да, техниканы розеткадан суырып тастаған жөн. Өйткені, кенеттен тыс кернеудің артуы барысында бүтін күйдегі электрониканы жандырып алуымыз мүмкін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз