Орталық-Қазақстан Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы
Орындаушы: Мойынты жалпы орта білім беру мектебінің 3 "А"
сынып оқушысы Садыкова Аружан
Ғылыми жетекшісі: Мойынты жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Джауенова Жанна Сериковна
Мазмұны:
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім:
а) Алманың сипаты
ә) Жеміс құрамындағы заттар (дәрумендер)
3. Алманың пайдалылығы:
а) Алманың қолданылу жағдайлары
ә) Алманың құрамындағы темірдің мөлшері
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
Тақырыбы: Алманың адам өміріндегі маңызы
Зерттеудің мақсаты: Адам өміріндегі алманың маңызын анықтау. Алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау жолдарын қарастыру, тәжірибеде жасап көру.
Зерттеудің міндеті: Денсаулыққа дұрыс көз қарас қалыптастыра отырып, алманың құрамында көптеген дәрумендердің бар екенің көз жеткізіп, оның ішінде темірге тоқталып, күнделікті пайдалануды үйрету.
Андатпа:
Бұл жазған зерттеу жұмысында оқушы алманың құрамындағы пайдалы элементтері туралы мағлұматтар жинақтап, тәжірибе арқылы адамның ағзасына мол пайдасын тигізетін темірдің көптігін көрсетуді мақсат етіп отыр.
Цель этой работы собрать сведения о полезных веществах и витаминах, которые есть в яблоке и на опыте показать сколько много железа в составе яблока, которое так полезно для организма людей.
1. Кіріспе бөлім
Жеріміз жемістерге өте бай. Олардың барлығы пайдалы. Мен зерттеу жобамды алмаға арнағаным бекер емес. Менің інім бар. Оның аты ..... Ол алманы жегенді ұнатпайды, өзіме келсек алманы жақсы көрем күнде жеймін. Мектепте де алманы жақсы көрмейтін сыныптастарым бар екен.
Анам алманы көп жеу керек, оның пайдасы мол дейтін. Содан бері алманың құрамындағы қандай дәрумендер бар, оның қандай пайдасы бар деген сұрақтар мені мазалады. Көмекке мұғалімім келді. Жоспар құрып, алма туралы мәліметтер іздедім. Солай зерттеу жұмысым басталды.
2. Негізгі бөлім
а) Алманың сипаты
Алма — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.
Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу; әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.
Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.
ә) Алманың құрамы
Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.
3. Алманың пайдалылығы:
а) Алманың қолданылу жағдайлары
Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме? Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.
А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.
В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.
С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.
Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады.
Сондай - ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды.
ә) Алманың құрамындағы темірдің мөлшері
Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. Жұмысымда алманың құрамында темірдің мол екенің көрсеткім келді. Тәжірибеме 4 сұрыпты алма алдым.
Олар :
№1 Лимонка №2 Брызги шампанского
№3 Апорт №4 Голден
1-қадам
Әр сұрыптың алмасын ұсақтадым
2-қадам
Нөмірленген тәрелкеге салдым
3-қадам
30 минуттан кейін өзгерістерді байқау. Өзгерістер түсінде байқалды: қоңырқай болып өзгерді, әр сұрыптың өзгеруі әр түрлі болды: №4 пен №3 алманың өзгеруі тез болды. Түсінің өзгеруі де ашық түстен қою қоңыр түске дейін. Ол неліктен екені сұрақ туындады.
4-қадам
Мектептің химия пәнінің мұғалімі Гүлзада Садуақасқызымен кездестім, байқаған өзгерістермен бөлістім. Мұғалімнің түсіндіруі бойынша: алманың құрамында болатын темір ауамен әрекеттесіп темірдің бір күйінен екінші күйіне ауысатының байқалғанын айтты және оның түсіне қарап алманың құрамындағы темірдің мол екені ашық көрінді.
4. Қорытынды
Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі – алма. Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді. Бұл адамдардың ертеден-ақ алманың қасиетін біліп, бағалағанынан хабар береді.
Өмірді ұзартады. 2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды.
Есте сақтау қабілетінің жақсаруы. Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады.
Инфаркт, инсульт қаупін азайтады. Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді.
Ісік ауруларының алдын алады
Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 40-50 пайызға дейін төмендеген. Алманың құрамындағы антиоксиданттар адам ағзасындағы өкпе ісігінің пайда болуына әсер ететін үдерістерге бөгет болады.
«Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді.
Денсаулығыңызды қолға алыңыз!
5. Пайдаланған әдебиеттер
1. "Қызықты ботаника" Әлімқұлова Р., Тәртенова М.
2. "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары" Муханова Б., Мұсақұлов Т., Суворов Н.
3. Ел арна ақпараттандыру орталығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нұрлан
Дәрумендер жоқпа ?